Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Санкт-Петербургке келді. Ол ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысады. Бұл туралы Қазақстан Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай твиттерде жазды.
«Елбасы Ресей Федерациясы Президентінің шақыртуымен Санкт-Петербург қаласына ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін келді», -делінген хабарламада.
pic.twitter.com/NSXqkh1p3f — Aidos Ukibay (@Aidos_Ukibay) December 27, 2021
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербургке жұмыс сапарымен баратындығы туралы хабарлаған болатынбыз.
Дереккөз: www.inform.kz