Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Біржан Сал еліндегі оң нышандар - АРҚА АЖАРЫ

Біржан Сал еліндегі оң нышандар

Облыс әкімі Сергей Кулагин кезекті жұмыс сапарымен Еңбекшілдер ауданында болып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысты, оның барысында Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындайтын міндеттерді саралап, белгіледі.

Облыс әкімі алдымен, Донской орта мектебіне ат басын тіреді. Аталған білім ордасына 2013 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде облыстық бюджеттен 81 миллион теңгеден астам қаражат бөлініп, мектептің бұрынғы ғимараты кеңейтіліп отыр. Онда спорт залы, мәжіліс залы және асхана орналасқан. Мектеп қазіргі заманға сай мультимедиялық, физика, химия және биология сыныптарымен жабдықталған. Қазіргі кезде осында 154 оқушы тәлім-тәрбие алуда. Мұғалімдермен және  11-сынып оқушыларымен кездескен облыс әкімі  мектеп ұжымына Елбасы Жолдауында айтылған негізгі міндеттер жайында әңгімелеп берді. Сондай-ақ, білім ордасына интерактивті тақтаны тарту етті.
Өз кезегінде ұстаздар қауымы осы Аңдықожа батыр атындағы ауылдағы бала бақша мәселесін өңір басшысына айтып, аталған білім ордасының жанындағы бұзылып жатқан ғимаратты қайта қалпына келтіру қажеттігін алға тартты. Облыс әкімі бұған қолдау білдіріп, қаншама қаражат қажет екенін анықтауды тапсырды.
Бұдан кейін өңір басшысы Заозерное селосы мен сол маңда орналасқан «Көкше-Цемент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жаңадан салынып жатқан цемент зауытында да болды. Бүгінгі күні аталған село өңірдегі әлеуеті төмен елді мекендердің қатарына жатады. Қазіргі кезде мұндағы көптеген көпқабатты тұрғын үйлер қаңырап бос тұрған жайы бар. Сондай-ақ, өзге де әлеуметтік нысандарға күрделі жөндеу жұмыстары қажет. Ал, жаңадан салынып жатқан цемент зауытына келетін болсақ, оны алдағы жылдың бірінші жартыжылдығында  іске қосу жоспарланған.
Кәсіпорын директоры Мұрат Молтұсыновтың сөзіне қарағанда, зауыттың жобалық қуаттылығы жылына 30 миллиард теңгенің өнімін құрайтын көрінеді. Зауыт іске қосылғаннан кейін жылына 
2 миллион тонна цемент немесе оның
20 түрі шығарылмақ. Сондай-ақ, 700 адамды жұмыспен қамту жоспарланған.
– Қазіргі кезде зауыттағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталып, цемент шығаратын технологиялық желіні іске қосуға дайындық жүргізілуде. Осы күні нысан 73 пайызға дайын. Келер жылдың орта тұсында зауытты толықтай іске қосуды жоспарлап отырмыз,– дейді  кәсіпорын директоры.
Сонымен қатар, өңір басшысы Степняк қаласындағы Біржан сал атындағы музыка мектебі және аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің жұмысымен де танысты. Аталған музыка мектебінде қазіргі кезде 99 бала домбыра, қобыз, фортепиано, гитара және сырнай сияқты түрлі музыкалық аспаптарда ойнауға машықтануда. Облыс әкімі Сергей Кулагин өзінің көрген-білгенін аудан активі жиналысымен қорытындылады. Бұл жиында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде аудан әкімі Абай Сәдуақасұлы хабарлама жасады. Актив жұмысын қорытындылаған облыс әкімі Сергей Кулагин аудан басшыларына Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру жөнінде нақтылы тапсырмалар беріп, облыстың дамып, өркендеуіне елеулі үлес қосқан еңбекшілдерлік азаматтардың бір тобын Құрмет грамоталарымен марапаттады.

Еңбекшілдер ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар