Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қасиет дарыған әнші - АРҚА АЖАРЫ

Қасиет дарыған әнші

Иә, Төкен Ілияс шынында, қасиет дарыған ғажап әнші. Жаратқан ием дарын иесіне әншілік өнерді ғана емес, көркем мінезді де дарытқан. Оның жан баласына деген кішіпейілділігі, аңқылдаған ақ пейілі, кез-келген адамды өзіне баурап әкететін көпшілдігі өскелең ұрпаққа үлгі бола алатындай.

Төкен Ілияс 1954 жылдың 11 ақпанында Қытай Халық Республикасының Алтай қаласында дүние есігін ашқан. Сол Алтай қаласында бастауыш және орта мектепті тәмамдап, 1970 жылы табиғат сыйлаған талантының арқасында қалалық өнер ордасына әнші болып жұмысқа қабылданды.

Содан табаны күректей отыз жыл бойы Алтайдың мәдениет саласында, әр түрлі қызметтерде жемісті еңбек етеді. Атап айтқанда, осы отыз жыл ішінде өнердің жоғары мектебінде, әскери ансамбльде қызмет атқарып, соңғы он бір жылында Алтай аймағының әкімшілік мекемесіне жұмыс бабымен ауысып, бүкіл аймақтың бұқаралық мәдениетін басқарған. Өлкелік бұқаралық мәдениет қоғамының тұрақты мүшесі, Іле қазақ автономиялық облысының музыканттар қоғамының мүшесі болып, осы қызметтерді абыроймен атқарған. Сонымен қатар, Алтай аймағының халық ауыз әдебиетін жинақтау және баспадан шығару жұмысына да белсене ат салысып, өлкелік үкімет жағынан жоғары дәрежелі сыйлықтарға ие болған.

Төкен аға сегіз қырлы, бір сырлы азамат. «Мірғабылдың қара қасқа аты» фильмінде сал-серінің рөлін сомдаса, «Арқалық батыр» драмасында Жәнібек батырдың және Майшыбидің рөлін сомдаған. Сол қатарлы біраз драмаларда басты рөлде ойнаумен бірге, режиссерліқ қызметтерді де табысты атқарған. Төкен Ілияс Алтай аймағының неше дүркін ақындар айтысының жүргізушісі, ұйымдастырушысы, жобалаушысы болған. Төкен аға орындаған әндер талай жылдан бері елге таныс, радио, теледидарда да шырқалып, көрермен қауымының ыстық ықыласына бөленіп келеді. Қорытып айтқанда, аянбай төккен тердің арқасында Қытай Халық Республикасының қазіргі заманғы өнер саласындағы «Әйгілі адамдар» атты алтын кітабында есімі орын алған.

2000 жылы зейнетке шығып, 2002 жылы отбасымен бірге атақонысы Қазақстанға көшіп келген. Ақмола облысы Зеренді ауданының мәдениет үйіне әнші болып жұмысқа орналасқан. Содан көп ұзамай жүктелген режиссерлік қызметті де абыроймен атқарған. Зерендіде жұмыс істеп жүрген жылдарда төрт жыл қатарынан облыстық байқаулардың лауреаты болған. «Астананың гүлденуі – Қазақстанның өркендеуі» атты облыстық көркемөнерпаздар байқауында көрсеткен жоғары шығармашылығы мен орындау шеберлігі үшін де марапатталған. «Ақмола жұлдыздары» атты облыстық көркемөнерпаздар байқауында да үздік өнерін ел таныды. «Өнермен өрнектелген тәуелсіз Қазақстан», «Ата мұраң – асыл қазынаң» атты облыстық байқауларда жүлделі орындарға ие болды.

Қазіргі уақытта Төкен аға Гүлниса жеңгеміз екеуі облыс орталығына қарайтын Краснояр ауылының «Нұрлы көш» шағын ауданында тұрып жатыр. Былтырғы жылы Краснояр ауылдық округінде «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша төрт үлкен жоба жүзеге асырылды. Ауыл тұрғындары отыз жылдай көпқабатты үйлердің төбесінен мұржа шығарып, жоғары қабатта орналасқан пәтерлерге шелек-шелек көмір тасып, пеш жағып, шелек-шелек күлді қайтадан төменге түсіріп, қиындық көріп отырған болатын. Жоғарыда аталған бағдарлама бойынша қырық шақты көпқабатты, көппәтерлі үйлер орталық жылу жүйелеріне қосылып, ауыл тұрғындары рахатқа бөленіп отыр. Округтің жиырма бес көшесіндегі жолдар асфальт бетонымен жабылып, он бес көше жолдарында қиыршық тас төселіп, асфальт бетоны жабылуына дайындалды. «Көкше» мәдениет үйінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, балалар ойнайтын сегіз үлкен алаңдар орнатылды.

Осы аталған жобаларды жүзеге асыру барысында Төкен аға жергілікті қоғамның белсенді мүшесі ретінде ауыл ақсақалдарымен бірлесе отырып, өзінің өмірлік жиған тәжірибесінің арқасында тиімді, дер кезінде ақыл-кеңестерін беріп, жоғарыда аталған жобалардың жұмыстарының сапалы және уақытында орындалуына үлкен үлес қосты.

Алдыңғы ағалардың абыройлы жолы кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге ретінде жұғысты болсын деп міне, азаматтың болмысын баяндап бердім. Ел осындай ерлерімен еңсесі биік. Сөзімді Төкен ағама арнаған жүрекжарды өлең жолдарыммен түйіндесем деймін.

Сыйлаймын аңыз болған Төкен ағаны,
Өмірінің мазмұны бай, мағыналы.
Ұрпағымыз алатын үлгі-өнеге.
Ағамыздың бойынан табылады.

Отбасыңыз аман-есен болсын,
Ортаңыз жақсылыққа толсын.
Көп жасап, жеңгеймен қоса ағарып,
Шаңырағыңызға бақыт қонсын.

Нұрлан АЙСИН.
Көкшетау қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар