Жазушы Мұхтар Әуезов: «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайсы?!»
Иә,жастардың сапалы білім алуы, мамандық таңдауы,рухани ұстанымдарының қалыптастыру, қоғамдағы өз орынын таба білуі білім ордасымен отбасында қалыптасатыны белгілі.
Мектепте оқушының бойға даритын ізгілік құндылықтарды отбасы мен білім ордасында қалай қалыптастырып маңызды ықпал ететіндей жұмыстар атқара алып жүрміз?
Биылғы жылы білім беру ұйымдарында:«Мектептің өзін-өзі басқаруы»,«Дебат» қозғалысы,«Отбасы – мектеп», «Құқықтық сана» т.б жобалар іске атқарылу ұсынылған. Осы жобаларды мектепте нақтылықпен атқарып жұмыс жүргізсек, алдағы қоғамдағы жастар рухани ,салауатты өмірді, адамгершілікпен мәдени қажеттілік құндылықтарын, қоғамға деген дүниетаным көзқарастарын әлдеқайда нық жетілдіріп алға қадам басары сөзсіз.
Жастардың бойынан рухани ізгілік, діни сауатсыздық, маскүнем мен нашақорлыққа бой ұрынуы білім мен тәрбиенің аздығынан және қоғамдағы ортаның әсер ықпалынан жағымсыз іс әрекеттерге бойынсынуы әдбен мүмкін.
Сондықтан отбасы мен мектептің балаға берер тәрбиесі қазіргі таңда ата-анадан басталып, мектепте жалғасын тауып ,бүкіл қоғам болып атсалысатын жауапты да өзекті мәселесі .
Ахмет Байтұрсынов: «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деген еді. Бүкіл елдің келешегі болатын балаларды тәрбиелеу,оларға сапалы білім беру қандай қоғамның болмасын алдындағы ең негізгі міндеті деп ойлаймын.
Зандыбай Сандуғаш,
Целиноград ауданы
№1 Қоянды мектебі Тарих пәнінің мұғалімі