Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Инклюзивті білім беруде мамандар тапшылығы сезіледі - АРҚА АЖАРЫ

Инклюзивті білім беруде мамандар тапшылығы сезіледі

Әр бала үшін мектепке бару ең жауапты да қиын кезең. Ал, мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін бұл кезең эмоциялық жағынан да, психологиялық жағынан да әлдеқайда ауыр. Сондықтан, елімізде ерекше мұқтаждықтары бар балалардың өзіндей қатарластарымен бірге жалпы білім беретін мектептерге баруға мүмкіндік туғызатын инклюзивті білім беру бағдарламасы қолға алынған болатын.

Жалпы, Ақмола облыстық білім басқармасы 2010 жылдан бері инклюзивті білім беруді дамыту бағытында жұмыс істеп келеді. Басқарма басшысының орынбасары Геогрий Гамазов:

–Қазіргі уақытта Қазақстанда тұратын 150 мыңнан астам бала мүмкіндігі шектеулілер санатына жатады және оларға ерекше білім беру қажеттіліктеріне сай арнайы жағдайлар жасалуы тиіс. Өткен 2021 жылдың желтоқсанындағы мәлімет бойынша Ақмола облысында 18 жасқа дейінгі ерекше білім беруді қажет ететін 11 335 бала бар екен, оның 1589-ы мүгедек бала. Жыл сайын облыста мінез-құлқында ауытқулары бар балалар саны артып келеді. Олардың саны бүгінде 448.

Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеуде кездесетін қиындықтардың едәуір бөлігі білікті кадрлардың, оның ішінде арнайы педагогтардың жетіспеушілігімен байланысты болып келеді. Облыста екі жүзден астам дефектолог-педагог жұмыс істейді. Мамандар тапшылығын азайту мақсатында облыстық білім басқармасының ұсынысымен 2019 жылдан бастап «Дефектология» мамандығына облыс әкімінің гранттары тағайындала бастады. Аталған мамандық бойынша бүгінде 13 студент грант иегері атанып, жоғары оқу орындарында білім алуда.

–2016-2021 жылдар аралығында барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының 2 мыңнан астам педагогы инклюзивті, сонымен қатар, қашықтықтан оқыту форматында білім беру мәселелері бойынша біліктілігін арттырса, оның ішінде облыстың 100-ден астам педагогі аутизмі бар балалармен жұмыс жүргізу аясында білімдерін көтерді, – дейді облыстық білім басқармасының мамандары.

Білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес «Дара» жеке меншік қорымен ынтымақтасып, «Кедергісіз мектеп» бірлескен жобасы аясында облыс мектептерінде инклюзивті білім беруді қолдаудың 15 ресурстық кабинеті ашылып, жұмыс істеуде. Ресурстық кабинет – бұл баланың, оның ішінде ерекше білім беру мұқтаждықтары бар оқушының дамуы үшін кедергісіз, толерантты және достық қарым-қатынасты жағдай жасауға мүмкіндік беретін бірнеше аймақтан тұратын заманауи кеңістік.

Бүгінде облыста арнаулы білім беру ұйымдарын арнайы автокөлікпен қамтамасыз ету жұмыстары да қолға алыныпты. Облыстың білім ордаларында 11 арнайы автокөлік бар көрінеді. Көкшетау қаласының № 1 арнайы мектеп-интернатына балаларды тасымалдау және үйлеріне жеткізу үшін автобус сатып алынды. Ағымдағы жылы психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері үшін тағы 4 автокөлік сатып алу жоспарлануда.

Бүгінде қоғамда ерекше білім беруді қажет ететін балалардың саны артып келеді. Сондықтан, қоғамның қажеттіліктеріне жауап беру үшін инклюзивті білім беру мәдениетін қолдау, осы тәжірибені енгізу және дамыту қажет. Осыған қажетті Ақмола облысының білім беру ұйымдарында кедергісіз білім беру, ортаны құру және бұл қызметті жақсарту жөніндегі жұмыстар одан әрі жалғастырылуда.

Ырысалды ШАМШИЕВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар