Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тәуелсіздіктен асқан құндылық жоқ - АРҚА АЖАРЫ

Тәуелсіздіктен асқан құндылық жоқ

Тәуелсіздік! Осы бір ауыз сөзде қаншама ұғым, қаншама құдірет сыйып тұр десеңізші! Кәрі тарихқа үңіліп қарайтын болсақ, тәуелсіздік үшін күрес күрестердің ең ұлысы. Әлем елдерінің қаншама халықтары елдің, жердің тәуелсіздігі үшін күресіп келеді.

Ұлтарақтай жерге ие болып, өз алдына дербес мемлекет болуды аңсаған қаншама халықтар бөтен елдің босағасында қилы тағдырмен күн кешуде. Мысалды алыстан іздемей-ақ, Аспантаудың арғы бетіндегі шығыстағы көршіміз Қытайдың қарамағындағы ұйғырларды алсақ та жеткілікті. Халқының саны жағынан бізді екі орап алатын ұйғырлардың ұзын саны орта есеппен 30-35 миллионның әр жақ бер жағында, сөйте тұра, Қытай үкіметіне тәуелді. Ғасырлар бойы тәуелсіздік ел болуды аңсап күресіп келеді, тәуелсіздік олар үшін әзірше арман, бірақ, түбінде тәуелсіздік алып дербес ел болудан үміттерін үзбей «айдаһармен» алысып келеді. Таяу Шығыстағы күрдтер де ұйғырлардың кебін киіп, бірнеше мемлекеттің арасында жер даулаймын деп соғыс өртінде қалып отыр.

Ал, бізге келсек, кейбіреулер тәуелсіздік оп-оңай көктен түсе қалғандай көреді. Бірақ, осы тәуелсіздік үшін, ұлан-ғайыр жерді елді сақтап кейінгі ұрпаққа аманаттап қалдыру үшін ғасырлар бойы хандарымыз, билеріміз, батырларымыз аттан түспей, күн-түн жортып «тоқым төсеніп, ер жастанып» жүріп, күресіп өтті. Жан- жақтан анталаған жаулармен алысып титықтаған қазақ елі уақытша болса да мықты елге арқа сүйеп ел мен жерді аман сақтап қалу үшін Ресеймен протектораттық қарым-қатынас орнатты. Патша өкіметін құлатқаннан кейін үкімет басына Ленин бастаған большевиктер келді, олар Орта Азия елдерін өздері құрған Кеңес өкіметінің құрамында республикалар құра бастады.

Осы кезеңді ұтымды пайдаланған Алашордашылардың ұсынысымен ұлан-ғайыр территорияда 1920 жылы Қазақ АКСР-і құрылды, сөйтіп болашақ егемен елдің іргетасы қалана бастады. Ресейдің құрамындағы автономия болса да бұл оқиға қазақ елі үшін өте маңызды болды. Екінші одан да маңызды тарихи оқиға Қазақ АКСР-нің 1936 жылы Одақтас Республика мәртебесін иеленуі еді. Сөйтіп, Қазақстан Кеңестік Социалистік Республикасы деп аталып, Одақтың ішінде өз конституциясы, елтаңбасы, әнұраны, егеменді құқықтары бар Республикаға айналды. Осы құжат 1991 жылы Кеңес Одағы тарағанда Қазақстанның егемендігін алып шығуына зор әсерін тигізді.

1991 жылдан бастап Қазақстан дербес өз алдына жеке мемлекет болып құрылды. Былтыр еліміздің тәуелсіздігіне 30 жыл толуына. байланысты Президент Қ.Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деп аталатын мақаласында «Қазақстан – біртұтас мемлекет. Аумақтық тұтастығымызға күмән келтіріп, тату көршілік қатынастарға сына қаққысы келетін кейбір шетел азаматтарының арандатушылық іс-әрекеттеріне ресми және қоғамдық деңгейде тойтарыс бере отырып, ағартушылық жұмыстарын ұстамдылықпен жүргізген жөн. Біз ұлттық мүддені аспен де, таспен де қорғауға дайын болуымыз қажеттігін тағы да баса айтқым келеді» деген болатын. Президенттің осы сөзінен кейін Қазақстанның мәңгілік ел болатынына еш күмән болмаса керек-ті.

Жуырда, жаңа жылдың басында осы тәуелсіздігімізге қауіп төнді. Алматы қаласында және басқа облыстарда бейбіт жиынға шыққан қарапайым азаматтардың қатарына қосылып кеткен деструктивтік күштер өздерінің басқа пиғылымен ел арасына іріткі салғысы келді. Сөйтіп, тәуелсіздігіміздің бір сын сағаты соқты. Әйтеуір, абырой болғанда, қазір жағдай тұрақталды. Осыны ойлағанда бұдан былай мұндай жағдай орын алмай, елімізде аңсап жеткен тәуелсіздігіміз өз тұғырында нық тұрса екен дейсің.

Әлішер КЕНЖЕҒАЛИЕВ,
Бұланды аудандық мәдениет үйі директорының міндетін атқарушы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар