Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Партия съезіне 28 делегат қатысады - АРҚА АЖАРЫ

Партия съезіне 28 делегат қатысады

«Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы саяси кеңесінің бүгін партияның алдағы кезектен тыс ХХІ съезіне  делегаттарды сайлау рәсімі болып өтті.

«Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі 2022 жылғы 28 қаңтарда партияның кезектен тыс XXI съезін өткізу туралы шешім қабылданған болатын. Осыған байланысты онлайн форматта партияның Ақмола облыстық филиалы Саяси кеңесінің отырысы өтіп, онда  облыстан съезд жұмысына қатысатын делегаттар сайланды. Сөйтіп, Ақмола, Көкше өңірлерінен осы маңызды шараға барлығы 28 партия мүшесі делегат болып қатысатын болды. Еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай мен шектеу шаралары ескеріле отырып, партияның бұл кезектен тыс XXI съезі онлайн форматта өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін өткізілген Саяси кеңестің кеңейтілген отырысы барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Төрағасының өкілеттігін беру туралы шешім қабылдап, партияны ел Президенті басқаруы тиіс екенін атап өткен болатын.  Партияның Жарғысына сәйкес алдағы жұма күні өтетін өкілеттіктерді беру рәсімі кезектен тыс XXI съезде жүзеге асырылмақ.

Бибінұр ӘМІРХАНҚЫЗЫ,
«Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар