Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 13 652 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында – 2 852, Алматы қаласында – 2 491, Шымкент қаласында – 168, Ақмола облысында – 907, Ақтөбе облысында – 513, Алматы облысында – 454, Атырау облысында – 414, Шығыс Қазақстан облысында – 549, Жамбыл облысында – 242, Батыс Қазақстан облысында – 451, Қарағанды облысында – 2 209, Қостанай облысында -490, Қызылорда облысында -134, Маңғыстау облысында – 128, Павлодар облысында – 1 153, Солтүстік Қазақстан облысында – 407, Түркістан облысында – 90. Жалпы, пандемия басталғалы елімізде коронавирус инфекциясы 1 192 211 адамнан анықталды.