Ақмола облысында жұмысшы өндіріс орнында зардап шекті

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылдың 25 қаңтарында Аршалы аудандық ПБ кезекші бөліміне жедел жәрдем станциясының фельдшері хабарласып, 26 жастағы жергілікті тұрғынның “кеуде қуысының жарақаты, іштің жарақаты”диагнозымен қабылдау бөлмесіне жеткізілгенін айтты.

“Жедел-тергеу тобы зардап шегушінің кәсіпорындағы жұмыс орнында жарақат алғанын анықтады. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 156-бабының 2-бөлігі “еңбекті қорғау ережелерін бұзу” бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Қазіргі уақытта мемлекеттік еңбек инспекторының қорытындысы жүргізіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды”, – деп атап өтті ведомстводан.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар