Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қосшы қаласының атына заты сай болады - АРҚА АЖАРЫ

Қосшы қаласының атына заты сай болады

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Қосшы қаласына жұмыс сапары аясында бірқатар әлеуметтік және құрылыс нысандарын аралап көрді, жаңа қаланың келбетіне назар аударып, даму, өсу жолдарын қарастырды.

Облыстық маңызы бар қала мәртебесін алған Қосшы елордаға жақын орналасқан ірі елді мекендердің бірі болып қала береді. Ресми деректер бойынша мұнда 50 мыңнан астам адам тұрады және бұл көрсеткіштің шегі жоқ.

Халқының басым бөлігі Нұр-Сұлтанда жұмыс істейтін Целиноград ауданының бұрынғы ауылы тек көрші өңірлердің ғана емес, жалпы, еліміздің тұрғындары үшін де тартымды. Сәйкесінше, білім беру, денсаулық сақтау және тағы басқа салаларда әлеуметтік нысандар көбірек қажет екені айқын.

Өңір басшысы Қосшы қаласында бірнеше рет болып, жергілікті инфрақұрылымды дамытуға қатысты мәселелерді ерекше бақылауда ұстауды жалғастыруда. Ағымдағы жылдың соңына дейін қалада 1,2 мың оқушыға арналған мектеп ашу жоспарлануда. «Астана Көктем С» ЖШС директорының орынбасары, мердігерлік фирма өкілі Айтпай Ибраевтың айтуынша, жобаның құны 2,9 миллиард теңге. 2020 жылы республикалық бюджеттен 1,1 миллиард теңге, ал, 2021 жылы 1,4 миллиард теңге бөлінген. Оған Ақмола облысы 96 миллион теңге қаражат қосқан.

– Алдымен ғимараттардың қабырғасын толық көтеріп, тапсыруды жоспарлап отырмыз, содан кейін шатырды салуға кірісеміз. Нақтырақ айтсам, орталық кіреберіс орнында ең көлемді жұмыстарды жүргіземіз. Сондай-ақ, сыртқы инженерлік желілерді де қатар жүргізетін боламыз», – деп ойымен бөлісті мердігер.

Мектеп орналасқан учаскеде күзет бекеті, жылыжай, отын қоймасы бар қазандық, трансформаторлық қосалқы станция бар. Оқу орнының ішінде оқу-тәжірибелік, дене шынықтыру-спорттық, экономикалық аймақтар, сондай-ақ, студенттерге арналған демалыс аймағы қарастырылған. Сонымен қатар, аталмыш серіктестік тағы бір 280 орындық балабақшаға арналған әлеуметтік нысанды салуда. Бұл нысанның құны 1,1миллиард теңгені құрайды.

– Қосшы – қала, бірақ бұл мәртебе оның әлі де толық қалаға айналғанын білдірмейді. Ол үшін барлық салынуға тиісті инфрақұрылымдар жүзеге асырылып, ауыз толтырып айта алатындай жұмыс істелінуі керек. Әсіресе, тұрғындарға балабақша қажет, сондықтан әлі де көп жұмыс күтіп тұр, – деп түйіндеді сөзін Ермек Маржықпаев.
Құрылыс алаңдарын аралаған өңір басшысы Қосшы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары жасалып жатқанын да айтты.

–Проблемалық мәселелер бар. Қаланың кейбір бөліктері әлі де кәрізсіз, сусыз, кей жерлерде электр жарығынан да ақау бар. Оларды кешенді түрде шешу қажет. Қазір біз сонымен жұмыс істеп жатырмыз, – деп қосты әрі қарай.
Одан әрі өңір басшысы Қосшы қаласындағы екі емдеу мекемесін аралап көрді. Оның бірі – ауысымына 100 адам қабылдайтын емхана. «Ария-Жаңа Астана» серіктестігінің директоры, мердігер Ғани Бекбосыновтың айтуынша, жобаның құны 1,5 миллиард теңгені құрайды. Ал, ғимараттың жалпы ауданы 3620,86 шаршы метр.

Нысан құрылысының аяқталу мерзімі осы жылдың соңына қарастырылған. Сонымен қатар, «Жанұя» жеке емханасына 85 миллион теңге инвестиция тартылған. Аталмыш емхана директоры Гүлмира Бекетованың айтуынша, емдеу мекемесі күніне бес жүзге жуық келушілерді қабылдайды. Ұжымдағы 140-тан астам дәрігер мен медбикелер азаматтарға, тұрғындарға медициналық көмектің кемінде отызға жуық түрін көрсетеді.

Облыс әкімі жуырда ғана елді мекен мәртебесі өзгертілгеннен кейін құрылған қалалық мемлекеттік кірістер басқармасында да болды. Басқарма басшысы Нұржан Қапашевтың айтуынша, штатта 12 адам жұмыс істейді. Басқармада 3 бөлім бар. Олар, салық төлеушілермен жұмыс бөлімі, салықтық бақылау және өндіріп алу бөлімі, сондай-ақ, бухгалтерлік есеп, талдау және ұйымдастыру-құқықтық жұмыс бөлімі.

Оларда 44 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Маңызды артықшылықтардың бірі – мемлекеттік кірістер органының орналасқан жері. Бұған дейін тұрғындар мемлекеттік қызметті алу үшін аудан орталығы Ақмол ауылына өтінішпен жүгінетін. Ол Қосшыдан 60 шақырым қашықтықта орналасқан. Міне, енді жаңа мемлекеттік кірістер басқармасының құрылуымен азаматтардың уақыты мен материалдық шығыны қысқарды.

Облыс әкімінің қалаға жұмыс сапарының да түп мақсаты осы, яғни, Қосшының атына затын сай ету. Осылай қалада басқа да құрылымдар тезірек іске кірісіп, тұрғындардың қалыпты өмір жағдайына барлық қолайлы алғышарттар жасалатын болады.

Азат РАЙЫМБЕКОВ,
Асылай АЙЖАРЫҚОВА.
Суреттерді түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар