Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мәслихат депутаттары іске кірісті - АРҚА АЖАРЫ

Мәслихат депутаттары іске кірісті

Кеше алтыншы шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының бірінші сессиясы болып өтті. Сессия жұмысына облыс әкімі Сергей Кулагин қатысып, сөз сөйледі. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сессияны облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әділхан Шаяхметов ашты.

  Сессия жұмысына облыс әкімінің орынбасарлары, аудан, қала әкімдері, облыстық департаменттер мен басқармалардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессияның күн тәртібіне  облыстық сайлау комиссиясының хабары, «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясын тіркеу, облыстық мәслихаттың хатшысын, тұрақты комиссиялардың құрамын және төрағаларын сайлау, тағы басқа мәселелер енгізілді.
Бірінші мәселе бойынша сөз алған облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әділхан Шаяхметов  облыс халқының  еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде маңызы зор биылғы сайлау науқанында жоғары белсенділік танытуының арқасында сайлаушылардың  79,67 пайызы 20 нау-
рыз күні сайлау учаскелеріне келіп, өздері қалаған кандидаттарына дауыс бергендігін атап өтті. Барлық деңгейдегі мәслихаттардың  сайлауында 102 үміткер депутаттыққа кандидат болып тіркеліп, олардың 95-і сайлауға қатысса, 7-еуі өз кандидатураларын алып тастаған. Дауыс беру қорытындылары бойынша  сайлаушылардың ең көп сеніміне ие болған үміткерлер депутаттық мандатқа қол жеткізгендігін айта келе, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы облыстық мәслихатқа 33 округтен депутат болып сайланғандардың тізімін жария етіп, оларға депутат куәліктерін тапсырды. Сайлау нәтижесі облыстық мәслихат құрамының  жартысынан астамы жаңа халық қалаулыларымен толыққанын көрсетіп отыр. Ендігі арада бес ұлт өкілдерінен тұратын жаңа құрам облыстың әлеуметтік-экономикалық  дамуы үшін сайлаушылар сенімін ақтау жолында белсенділікпен жұмыла қызмет етпекші.
Мұны №1 сайлау округі бойынша облыстық мәслихаттың депутаты Серік Аяғанов бірінші сессия төрағасы болып сайланғаннан кейін  облыс әкімі Сергей Кулагин де өзінің депутаттарға бағытталған құттықтау сөзінде ерекше атап өтті.
– Осы сессияда сіздермен жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Көбіңізді күнделікті жұмысымыздан жақын білемін. Бүгінгі депутаттар құрамынан жас жаңа толқын мен істе сыналған тәжірибелі адамдардың өзара сабақтастығы жақсы көрініп тұр. Бәріміз де енді ел игілігі үшін бір мақсат, бір мүддемен жұмыс істеуіміз керек. Көбіңіз кәсіпорын-ұйым, мекемелердің, кәсіпкерлік субъектілерінің басшыларысыздар. Демек, депутаттық мандат сіздерге одан сайын зор жауапкершілік жүктейді. Сіздерді, сіздер арқылы барлық аудандық, қалалық мәслихаттардың депутаттарын сайлаушылардың көрсеткен жоғары сенімімен шын жүректен құттықтаймын! Біріншіден, аудан, қала басшыларына Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың сайлауын жоғары деңгейде ұйымдастыра білгендері үшін  алғыс айтамын. Осындай ризашылығымды құқық қорғау органдарына, барлық сайлау комиссияларының мүшелеріне, сайлауға жоғары белсенділікпен қатысқан бүкіл облыс тұрғындарына білдіремін, – деді одан әрі  облыс әкімі өз сөзінде.
Бұдан кейін сессияда №5 сайлау округі бойынша облыстық мәслихаттың депутаты, «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетовтің облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы депутаттар фракциясын тіркеу жөніндегі ұсынысы қаралды. Бұл ұсыныс депутаттар тарапынан бірауыздан қабылданды.  
Одан әрі  сессияның күн тәртібіне облыстық мәслихаттың хатшысын сайлау мәселесі қойылды. Депутаттардың тегіс қолдап, дауыс беруінің нәтижесінде №32 сайлау округінен сайланған депутат Дулат Нұрмолдин  осы қызметке лайықты деп танылды.  Бұған дейін де облыстық мәслихаттың хатшысы болып келген Дулат Нұрахметұлы сөйлеген сөзінде өзіне жоғары сенім көрсеткен әріптестеріне рахметін айтып,  депутаттардың  ел игілігі жолында атқарушы билікпен бірлесіп, алда тұрған жауапты міндеттерді іскерлікпен шеше білулеріне тілектестігін білдірді.
Сессияда депутаттардың қолдауымен облыстық мәслихаттың  төрт тұрақты комиссиясы және олардың құрамы бекітілді. Экономика және бюджеттік жоспарлау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болып депутат Серік Аяғанов сайланды. Ал, депутаттар Елена Мащинская әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның, Әсен Жақсылықов депутаттық әдеп, заңдылық және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның,
Нартай Ысқақов аграрлық мәселелер, индустриалдық-инновациялық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағалары болып сайланды.
Бұдан әрі келесі екінші сессияның  күн тәртібін бекіткен және №17 сайлау округі бойынша депутат Сағадат Әшебековті  алдағы сессияның төрағасы етіп сайлаған  облыстық мәслихаттың бірінші сессиясы осымен өз жұмысын аяқтады.  
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар