Эпидемиологиялық ахуал: Екі өңір «қызыл» аймақтан шықты

2022 жылғы 9 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта: Алматы, Ақтөбе, Атырау облыстары.

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары. Еске салсақ, кешегі мәлімет бойынша «сары» аймақта Атырау және Жамбыл облыстары ғана тұрған еді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар