Көкшетауда Калашников автоматтары шығарылатын болады-ҚР ИИДМ

2022 жылы еліміздің қорғаныс өнеркәсібінде бірқатар перспективалық жобаларды іске асырылады.

Отандық қорғаныс өнеркәсібінің басты міндеттерінің бірі – кәсіпорындардың технологиялық инфрақұрылымы мен кадрлық әлеуетін дамыту. Бұл еліміздің Қарулы Күштерін, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды қазіргі заманға сай қару-жарақ пен әскери техникамен қамтамасыз ету міндетін орындауға мүмкіндік береді.

Биыл еліміздің қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары бірқатар перспективалық жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, “№ 405 авиажөндеу зауыты” АҚ базасында Ми-171Ш тікұшақтарын құрастыру, “Қазақстандық авиациялық индустрия” ЖШС кәсіпорнында Airbus ұшақтарына қызмет көрсететін сервистік орталық құру; “Петропавл ауыр машина жасау зауыты” АҚ базасында мемлекеттік шекараны қорғаудың техникалық құралдарын өндіру, “Тыныс” АҚ, “Алма МҮ” ЖШС, “Милитарм” ЖШС кәсіпорындарында радиациялық және химиялық қорғау құралдары өндірісін жолға қою жоспарланған.

Сонымен қатар, “Семей инжиниринг” АҚ базасында бронетанктік техниканы жаңғырту; “Steelmanufacturing” ЖШС автоматты оқ-дәрілер өндіру, “Қазақстан Парамаунт инжиниринг” ЖШС-де “Барыс 8х8” сауытты дөңгелекті машиналар өндірісін, “Тыныс”АҚ базасында АК-12 және АК-15 автоматтары өндірісін іске қосу көзделіп отыр.

Жалпы алғанда, еліміздің қорғаныс-өнеркәсіп кешені қалыптасу жолынан өтіп, бүгінгі таңда әскери саланы ғана емес, азаматтық секторды да түрлі өнімдермен қамтамасыз етуде.

Дереккөз: ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар