Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жұмыссыз жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті - АРҚА АЖАРЫ

Жұмыссыз жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті

Ақмола облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен студенттер мен жұмыссыз жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесі болып өтті.

Бос орындар жәрмеңкесіне 100-ден астам студент келсе, оларға  жалпы саны 40-тан астам мемлекеттік және жеке меншік кәсіпорындардың өкілдері өз салалары бойынша жұмыс орындарын ұсынды. Бұл шара жас мамандарға ғана емес, жұмыс берушілер үшін де аса маңызды. Жәрмеңке барысында жұмыс берушілер өздеріне қажетті мамандық иелерін таңдай алады, ал, жастар болса өздері қалаған мамандықтары бойынша жұмысқа орналасуға мүмкіндіктері болады.

–Жастар ресурстық орталығының негізгі мақсатының бірі – жұмыссыз жастарға қолдау көрсету. Осындай игі іс-шаралар студенттер үшін аса қажет. Олар өздеріне жұмыс тауып, іс-тәжірибеден өтуге үлкен мүмкіндік алады. Біз бос орындар жәрмеңкесін жиі өткізіп тұрамыз. Алдағы уақытта жастарға арналған кеңес беру орталығын ашуды да жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, жастар мәселелері бойынша «жедел желі» жұмыс істейді, онда студенттер қоңырау шалып, жұмыс туралы кеңес алып, көкейкесті сұрақтарына жауап алады,– деді облыстық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Мәнсия Есекеева.

Еске сала кетейік, Instagram әлеуметтік желісінде Жастар ресурстық орталығының жеке парақшасы бар, онда жастар үшін, сондай-ақ, NEET санатындағы адамдар үшін бос жұмыс орындары тұрақты түрде жарияланып тұрады. Яғни, жұмыс іздеген жандар осы парақшаға тіркеліп, бос жұмыс орны бар мекемелерге хабарласса болады.

Жәрмеңке барысында жұмыс іздеп келгендердің қарасы көп болды. Солардың бірі – Көкшетау гуманитарлық-техникалық жоғары колледжінің 4-курс студенті Алина Рашитова:

–Мен өз мамандығым бойынша жұмыс істеуді жоспарлап отырмын. Аталмыш жәрмеңкеге мұғалімдердің бос жұмыс орындары бар-жоғын білу үшін келдім. Өзіме лайықты екі жерден жұмыс орнын тауып отырмын. Солардың бірін таңдап, алдағы уақытта жұмысқа орналасып кетермін деген үміт басым. Жалпы, мұндай жәрмеңкелер студенттер үшін де қажет әрі пайдалы деп санаймын, –деді.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар