Бұл күнде мемлекеттік қызметте келешегінен көп үміт күттіретін жас мамандар баршылық. Соның бірі – Ажар Каматайкызы Көкішева. Ол Көкшетау қаласында өмірге келген. 2016 жылы қаладағы №1 орта мектепті бітіріп, Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік университетін қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы мамандығы бойынша тәмамдаған. 2021 жылы Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына «Жастар тәжірибесі» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жұмысқа орналасты. «Осы тәжірибе арқылы өз жұмысымды жете меңгере түстім» дейді бұл күнде Ажар.
Жастар тәжірибесінен кейін басқармада қабылдау бөлімінің хатшысы, кейін ұйымдастырушылық-құқықтық және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің статисі қызметін атқарды. Өткен жылы жалпы конкурс арқылы агроөнеркәсіптік кешенінің мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру бөлімінің бас маманы болып тағайындалды. Ісіне тиянақты, еңбекқор, ізденіс үстіндегі жас маман келешегінен көп үміт күттіреді.
–Еліміздің ауыл шаруашылығын дамыту үшін тынымсыз еңбек ететін адамдармен жұмыс істеу мен үшін үлкен мәртебе, – дейді өз аяқалысы туралы жас маман.
Осындай еңбек етуге құштар, өз қабілеттерін нақты істе көрсете білген білімді жастар өмір талабына сай қызмет баспалдағымен алға баса берсе екен дейміз.
Совет БАЛТАБАЙ,
Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының баспасөз хатшысы.