Ауданға сапары барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дәурен Әділбеков Новокубанка ауылдық округіне болып, жергілікті «Новокубанское» ЖШС бірқатар нысандарын аралап, аграрлық кәсіпорынның материалдық-техникалық базасымен танысты.
Серіктестік егіншілік және мал шаруашылығымен айналысады. Сенатор шаруашылық алаңдары мен машина-трактор шеберханаларын аралап көрді.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорнының базасында 1500 басқа арналған бордақылау алаңы, 120 басқа арналған 6 сиыр қорасы және 80 ірі қара малға арналған 4 база жұмыс істейді.
Дәурен Әділбеков ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайына да назар аударды. Бүгінде кәсіпорын жергілікті тұрғындар үшін жүзу бассейнін қайта жаңартуда.
Шаруашылық базасында өткен кездесуде жергілікті өзін-өзі басқару және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері талқыланды. Дәурен Зекенұлы шаруалардың сауалдарына құлақ түрді. Айтылған барлық мәселені Үкіметке жеткізіп, оны шешуге атсалысатынын атап өтті.