Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Есімі Көкше тарихында мәңгі қалды - АРҚА АЖАРЫ

Есімі Көкше тарихында мәңгі қалды

Бостандықты сүйген, сол үшін Колымада жан азабын тартқан жазушы әрі ақын, Көкшетау қаласының Құрметті азаматы, жерлесіміз Ибраһим Салаховтың туғанына былтыр 110 жыл толды. Ол ұзақ, жемісті және тағдырлы өмір сүрді. Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында Ибраһим Салаховтың жеке қолжазбалары, сондай-ақ, жазушының қолтаңбасымен әр жылдары қазақ, татар және орыс тілдерінде жарық көрген өз кітаптары сақталуда.

Ибраһим Салаховтың қолжазбаларымен қатар жарты ғасыр бұрын өз қолымен жазған өмірбаяны даерекше мәнге ие. «Мен ағаш ұстасының отбасында дүниеге келдім, әкем Низами, анам Мағиджамалөмірде ешқашан мектеп есігін ашпаған, оқи да, жаза да алмаған. Шамасы, сондықтан, олар өздерінің жалғыз ұлын «ғалым» етуге асыққан болар… Алты жасқа толмай тұрып, анам мені Көкшетауда өз үйінде мұсылман ұлдардыәріп танытып, жазуға, оқуға үйреткен моллаға апарды…».

Салаховтардың ата-бабалары Татарстанның солтүстігіндегі Балтачи ауылынан шыққан. Бұл мекен ежелден ағаш шеберлерімен танымал болған. Көне түркі тілінде «балта», «балтачи», қазақша балташы – ағаш ұста деген мағынаны білдіреді. ХІХ ғасырдың соңында Низами Салахов әкесімен бірге қазақ жеріне келеді. Сол кезде татар балташыларын көкшетаулық көпестер шақырған еді. Сонымен, Салаховтар басқа ағаш ұсталарымен бірге бүгін Еркін Әуелбеков көшесінде орналасқан Көкшетаудағыкөнемешіттердің бірі – Науан Хәзірет мешіті, қазіргі Жақия қажы мешітінің және көпес Бағауддін Баязитовтың ағаш үйлерін салуға, қазіргі Көкшетау қаласының тарихы музейінің ғимараты менбасқа да құрылыстарға қатысқан.

Ибраһим Низамиұлының баласы Кәміл Салаховтың естеліктеріне сәйкес, бір кездері әкесі медресені бітірген, кейін есейген шағында кеңестік атеизм идеологиясына қарамастан, ол әрқашан мұсылмандардың қасиетті кітабын – Құранды оқып, әр сүренің мағынасын түсіндіре алған. 1970 жылдары Ибраһим Низамиұлы Қазақ Кеңес Республикасының бірінші басшысы Дінмұхамед Қонаевқа Көкшетау мешітін қалпына келтіру қажеттілігі туралы жазған болатын. Осы жағдайдан кейін бертін мешіт елгеқызмет ете бастаған. Айта кететін жағдай, мешіт қалпына келтірілгенге дейін, бұл ғимаратта 1947-1974 жылдары Көкшетау облыстық тарихи-өлкетану музейі, содан кейін көркем-сурет галереясы орналасқан болатын.

Көкшетауда 1917 жылғы қарулы төңкерістен кейін бүкіл ел бойынша азаматтық соғыс жүріп жатты, қалабірде ақтардың, бірде қызылдардың қол астына өткен. Жазушы И.Салаховтың айтуынша, қазақ балалары мен татарларға арналған кеңестік мектептер осы соғыс аяқталғаннан кейін ғана ашылған. «Жасыл үй тарихында» 12 жастағы Ибраһим алғашқы шәкірттерінің бірі болған Көкшетау татар жеті жылдық мектебі туралы айтылады. Бұл мектеп 1923 жылы ашылған. 1924 жылы онда балалар пионерлер отряды ұйымдастырылып, «Оқушы» және «Пионер»атты екі газет шығарыла бастайды, олардың алғашқы редакторы болашақ жазушы Салахов болады. 1925 жылы болашақ жазушыкоммунистік жастар одағына кіріп, үш жылдан кейін мектепті бітіреді. Сол уақыттан 1926 жылғы фотосуреттің түпнұсқасы сақталған, онда 15 жастағы Ибраһим Көкшетау мектебінің басқа оқушыларымен бірге бейнеленген, ол сол жақта үшінші қатарда отыр. Құнды сурет облыстық музейдің қорында сақтаулы, оны ұлы Кәміл Салахов табыстаған болатын. 1920 жылдың көктемінде ашылған Көкшетау өлкетану музейінеСалаховтың өзі де бірнеше рет келіп, алғашқы экспозициямен таныс болған болар. Мектепті бітіргеннен кейін Ибраһим Татарстанның астанасы– Қазанға кетеді. Айтпақшы, осы жолдар авторының нағашы жағынан ата-бабалары қазан татарларыболды, кейін олар қазақ елінің солтүстігіне Қызылжарға қоныс аударып, көпестік ақсүйектер санатына кірген.

Жоғарыда айтылғандай, жас жазушы Салаховтың шығармашылық қалыптасу жылдары Қазанмен байланысты. 1931 жылы осында педагогикалық техникумды бітіріп, ауыл мұғалімі, татар республикалық жастар газетінің редакторы болып жұмыс істеген. Содан кейін Қазан педагогикалық институтының әдебиет факультетіне оқуға түскен. Мұнда оның алғашқы шығармалары, кітаптары жарық көре бастайды. Институтта онымен бірге болашақ жазушы, кейін Ғабдулла Тоқай атындағыТатарстан Мемлекеттік сыйлығына ие болған көкшетаулық досы Нури Арсланов та оқыған. Дәл осы қалада Ибрагим Низамиұлы көрнекті ақын Мұса Жәлелмен кездескен. Облыстық музейге тапсырылған кітаптар жинағында Нури Арслановтың досы Салаховқа арнаған қолтаңбасы бар кітаптары да сақталуда.

1937 жылы Қазан педагогикалық институтының студенті Ибраһим Салахов негізсіз қамауға алынып, 12 жылын Колыма лагерьлерінде өткізеді. Босатылғаннан кейін Көкшетау облысының Краснояр ауылында тұруға рұқсат алады. 1947 жылы Колыма лагерьлерінен оралған Ибраһим Низамиұлы әкесіне құрылысқа көмектесіп, кейін асхананың жұмысына орналасады. Бұрынғы қуғын-сүргінге ұшыраған адам әдеби қызметпен еркін айналыса алмайтыны түсінікті. Мұнда И. Салахов 1914 жылы туған Мағинұр Камалитдиноваға үйленеді. Оның бірінші күйеуі екінші дүниежүзілік соғыста қайтыс болып, үш ұлы да ерте өмірден өткен.

Мағинұрдың ата-анасы да Қазақстанға Қазан губерниясынан ХІХ ғасырдың соңында көшіп келген. Ол Көкшетау өңірінің Желтау ауылында дүниеге келген. Айта кетейік, Ескенежал, Желтау – Абылай хан дәуірінен бері белгілі ұлттық тарихи топонимдер, Зеренді ауданының құрамында бүгінгі күнге дейін сақталып келеді. Өткен ғасырдың басында бұл қазақ қыстаулары Көкшетау уезінің Бостандық болысының құрамына кірген болатын. Желтауда қоныс аударған татарлар да тұрған, мешіт те болған. Кәміл Салаховтың естеліктері бойынша, Мағинұр бала кезінде басқа балалармен бірге қазақтың атақты жазушысы және Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллинмен араласып, дос болған. Қойсалған мен Желтау ауылдары бір-бірінен үш шақырым жерде орналасқан.

Ибраһим Низамиұлы Мағинұр Сүлейменқызымен бірге екі ұл тәрбиелеп өсірді. Олар 1949 жылы туған Шәміл және 1954 жылы өмірге келген Кәміл. Салаховтар отбасы шағын саман үйде тұрады, ал 1965 жылы олар жазушының ұлы Кәміл және немересі Ахат тұратын Абай көшесіндегі № 27 үйге көшіп келеді. Үлкен ұлы Шәміл Қарағанды кооперативтік институтын бітіріп, облыстық атқару комитетінде жұмыс істеген. Кәміл Салахов Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген, содан кейін ұзақ уақыт Көкшетау қаласындағы № 1 орта мектепте технология мұғалімі болып жұмыс істеген, қазіргі уақытта зейнеткерлік демалыста. Жазушының ұрпақтары музейге сыйға тартқан заттардың ішінде 1950 жылы түскен ескі отбасылық фотосуреті де бар.

Қуғын-сүргін жылдары сонау Колымада Ибраһим Салахов пен қазақ ғалымы, жазушы, дәрігер Зейін Шашкин екеуі дос болған. Ұлы Кәмілдің айтуынша, Салаховты ауыр науқастан құтқарған осыЗейін Жүнісбекұлы, ал, басқа лагерь дәрігерлері, соның ішінде И.Димитров Салаховты емдеуден бас тартып, оны Ташкент мүгедектер лагеріне жіберген. Зейін Шашкин Салаховты жасырын түрде басқа жерге апарып емдеген және оған осындай қиын уақытта аман қалуға көмектескен. Елуінші жылдардың ортасында Зейін Жүнісбекұлы Көкшетауға келгенінде Ибраһим Низамұлында қонақта болған. Сол кезде атақты ғалым Көкшетау облысының Бурабай курортында отоларинголог-дәрігер болып жұмыс істеп, сонымен қатар, әдеби қызметпен де айналысқан.

1956 жылы Салаховтың ісі қайта қаралып, Ибраһим Низамиұлы ақталады. Шамамен 20 жылдай өткеннен кейін олқайта шығармашылық жұмыспен айналысуға мүмкіндік алады. Алғашқылардың бірі болып,тың жерлерді игеру туралы «Көкшетау даласында» атты роман жазады. Он төрт жыл бойы Солтүстік Қазақстандағы төнкерістер туралы кітап шығарады. «Колыма қасіреті» романы үшін жазушыға Татарстанның Ғабдулла Тоқай атындағы Мемлекеттік сыйлығыберілген. «Колыма қасіреті»  – бұл бір қайғылы тағдырдың хроникасы, онда И.Сталиннің жеке басына табынушылық жылдары, заңсыздық пен репрессия, автордың өзі басынан өткерген сотталушылар тұтқында болған Колыма лагерьлері туралы айтылады. «Сол жылдарымасқара цензураболды: жазушылар өздерінің жан жүрегін толғандырған мәселелерді жаза алмады. Мұндай шығармалардың авторларына қатты наразылық танытып, оларды кекшілдер, кеңестік шындықты бұрмалаушылар деп айыптаған, сондықтан, олар мадақталатын, басып шығаруға болатын мәселелер туралы жазған. Жазушыда өзініңойы болмауы – бұл бас бостандығының болмауынан дақорқынышты».

Кәміл Салаховтың естеліктері бойынша әкесіөмірдедемократиялық принципін ұстанған қарапайым адам болған, ақшаға бейжай қараған, шығармашылықтан басқа да жұмыстарды жақсы көрген. Мысалы, олар өздері үйлеріне қосымша бөлмелер тұрғызған. Оның ішіндеИбраһим Низамиұлы жұмыс істеген кезде балаларға кіруге тыйым салынған, жеке кабинетін де өз қолымен тұрғызған. Ол әр шығармашылық демалысын Мәскеу қала-сының маңындағы Переделкинода өткізген, жазушыныңзейнетақысы аз болғандықтан,барлық қаражаты дерлік стенографшығаақы төлеумен кететін. Анасы Мағинұрдың арқасында олар үй шаруашылығымен айналысып, мал өсірген, бау-бақша болған. Ең бастысы, жазушының шығармашылық еңбегі үшін барлық жағдай жасалған. Отбасындатату-тәтті өмір сүріп, бір-біріне құрметпен қараған. Оның әйгілі «Колыма қасіреті»романы 50 жыл бұрын, 1971 жылы жарық көрген. Алайда, сол кездері кітап тек бірнеше данамен ғаназаңсыз шығарылып, ұлдарына берілген. Шамамен жиырма жыл өткеннен кейін ол ресми түрде Қазанда 100 мың таралыммен шығарылған, зерттеушілер оны жазушының бүкіл өмірінің романы деп атаған.

Ибраһим Салахов өмірінің соңғы жылдарын «Көкшетау татарлары» атты кітабыменжұмыс жасауға арнады, бірақ оны, өкінішке қарай, аяқтай алмады. Осы еңбектің түпнұсқасы облыстық музей қорында сақтаулы. «Көкшетау даласында» атты тағы бір кітабында автор «Байырғы Көкшетау тұрғынынан тарихты бар ықыласымен сақтаушы – Көкшетау облыстық өлкетану музейінежақсы естелік үшін. Барша құрметпен Салахов. 1983 жылы, Көкшетау қаласы»деген жазуымен қолтаңбасын қалдырған. Романда тың игеру жылдары мен тың даланың батырлары туралы ғана емес, жазушы шексіз сүйген Көкшетау өңірінің таңғажайып табиғаты туралы да айтылады. Бір қызығы, пролог қазақтың ежелгі халық әнінің «Қаратаудың басынан көш келеді» деген сөзінен басталады. Ол ауыр өмірінде бүкіл байтақ елді аралап, ақыры өзінің сүйікті Көкшетауына оралды. Өйткені, жазушының айтуынша: «Көкшетау жерінен асқан әдемі жер жоқ, көкшетаулықтардан асқан сүйкімді адамдар жоқ… Бұл керемет өлкені қалайша қалдыра аласыз?!»

1998 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Ибраһим Салаховқа ұлттық әдебиеттің дамуына қосқан зор үлесі, ізгілік пен келісім мұраттары жолындағы жоғары қызметі үшін «Парасат» орденін табыс етті. Бұл марапаттыбіздің танымал жерлесіміз жер бетінде бұдан асқан құрметжоқ деп санады. «Ең үлкен қорқыныш, – деп жазды ол, – адам жүрегіндегі әлсіз үміт ұшқынын сөндіре алмайды, тіпті,ешқандайсебеп болмаса да, тілек оты өзінің сағатын күтіп, жан дүниеде әлі де жанып тұрады…»

Бибігүл БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар