Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тұрғындар қауіпсіз жерлерге көшіріле бастады - АРҚА АЖАРЫ

Тұрғындар қауіпсіз жерлерге көшіріле бастады

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжанов «Су тасқыны кезеңінің өтуі және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» деген тақырыпта онлайн режимінде брифинг өткізді.

Аманбек Әмірхамзаұлы хабарламасында Атбасар ауданының су тасқыны жөнінен ең бір қауіпті аудан болып саналатынын айтты. Өткен жылдардағы қар суы әкелген қиындықтар ескеріле отырылып, биыл оған қарсы шаралар қабылдауға 62 000 миллион теңге қаражат бөлініпті. Оның ішінде 45 000 миллион теңгеге  89044 текше метр қар шығарылған. 65225 текше метрі қаладан, 23819 текше метрі ауылдардан қауіпсіз орындарға тасымалданды. Өзендер үстіндегі мұзды жару жұмыстарына 4 миллион теңге қарастырылған. Ондай жұмыстар 5445 шаршы метрді қамтып, 15 жерде жүргізілген. Оған қоса, мұз жаруға облыстық бюджеттен 7,9 миллион теңге қаражат бөлініпті.  Жанар-жағар майға 6 миллион теңге бөлінген болса, қазір 5 мың литр бензин, 15 литр дизель отыны жеткізіліп алынған.

Сақтық үшін 459 отбасы қауіпсіз жерге көшірілсе, 500 отбасы әлі  қауіпті аймақта отыр. Аудан бюджетінен төтенше жағдайлар үшін 28 миллион теңге қарастырылған, оның 23 миллионы тосын жағдайлар орын алғанда жұмсалмақ. Қажет болғанда ұйымдар мен кәсіпорындардан қоғамдық негіздегі күштер жұмылдырылып, 142 адам, 30 техника тартылмақ. Жеке кәсіпкерлермен арада қар суын сорып, шығаруға келісім-меморандумдар жасалған. Аудан бойынша 373 адам, 60 инженерлік техника іске кірісуге әзір.

Елдімекендердегі  тұрғындар түгел тіркеліп, аулалардағы мал басы есепке алынып, алда шұғыл көшіру керек болғандағы жағдай жоспарланды. Ауылдардағы ауыр науқастар мен аяғы ауыр әйелдер аудандық ауруханаға алдын ала жеткізілген. Сондай-ақ, қауіпті аймақтағы елдімекендерге қажетті азық-түлік пен дәрі-дәрмек тасымалданған.30 наурыздан бастап тәулік бойы үзіліссіз жұмыс жасайтын штаб құрылды. Сол уақыттан бері тұрғындардан көмек сұраған  200 өтініш түскен.

Бүгінгі таңда облыстық дәрежедегі автожолдардың екі тұсын су басқаны тіркелген. Олар Атбасар-Сочинск бағытындағы 19 және 62-ші шақырымда. Су қаупін қадағалау үшін 18 гидропост орнатылған. Атбасар қаласындағы автомобиль көпірі маңайында да гидропост бар. Оған қоса, бақылауды үстемелеу үшін  темір жол жанындағы көпірге ұялы телефондармен жалғасқан бейнекамералар орнатылған.

2016 жылы қарапайым жолмен топырақтан көтеріліп салынған, ұзындығы 9 шақырым бөгет бүгінгі күні жыл сайын су келуі салдарынан сын көтергісіз жағдайға жеткен. Бұрын үстінен көлік жүретіндей кең еді, су мүжіп бітірген бөгет үстімен тек бір адам ғана жүре алады. Қолдан келгенше оған топырақ үйіліп, осал тұстарын бекіту жұмыстары жүргізілген.Дегенмен, аудан барлық мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, тасқын су бағытын мұқият қадағалауға алған. Бар мақсат – сол қатерді дер кезінде анықтап, оның алдын алу.

                                                               Серік САПАРҰЛЫ,

                                                 «Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар