Ақмола облысы бойынша монополияға қарсы департаменті облыс аумағында қантты көтерме сату нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізді.
Талдау қорытындысы бойынша екі ірі көтерме сауда сатушысының іс-әрекетінде бағаны белгілеу және (немесе) ұстап тұру бөлігінде монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері анықталды.
ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 199-бабы 1-тармағының негізінде өңірге қант жеткізуші екі ірі компанияға қант бағасын белгіленген деңгейге төмендету және алдағы уақытта осындай әрекеттерді болдырмауы туралы нұсқау берілді.