Бурабай ауданында «Құтты мекен» партиялық жобасы сәтті жүзеге асырылуда

Келешегі бар елді-мекен халқының еңбек етіп, жақсы өмір сүруге әлеуеті мол. Бүгінде Бурабай ауданында «Құтты мекен» партиялық жобасы сәтті жүзеге асып келеді. Игі бастаманың шарапатын бурабайлықтар жақында көреді.

Мәселен, Щучинск қаласында 45 пәтерлі үш тұрғын үй кешені бой көтеріп жатыр. Құрылыстың сапалы әрі уақытылы орындалуын партияның бақылау комиссиясының мүшелері бақылауға алған.

«Құтты мекен» жобасы аясында салынып жатқан баспананың біреуі ағымдағы жылдың соңында тапсырылып, 45 отбасы баспаналы болады деп күтіледі.

Жаңадан салынатын көпфункционалды спорт сарайы да қала тұрғындары үшін үлкен қуаныш. Себебі, спорт кешені азаматтардың түрлі спорт түрлерімен айналысуға, спорт секцияларының оқу-жаттығу сабақтарын өткізуге және жарыстар ұйымдастыруға арналмақ.

Биыл спорт сарайының құрылысы басталмақ. Бүгінгі таңда кешеннің жобалық-сметалық құжаттамасы дайын және барлық конкурстық рәсімдер өткізілген.

Сондай-ақ, ауданда «Шидай» спорт кешенінің құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Бұл нысан аудандық мәслихат депутаты Олжас Нұрмағамбетовтың жеке қаржысы және демеушілердің көмегі арқасында жүзеге асырылуда. Аталмыш спорт клубы қаламыз бен аудан жасөспірімдерін біріншіден бос уақытын пайдалы өткізуге, екіншіден үлкен спортқа жол беретіні айқын. Бүгінгі таңда клубтың өз ғимаратын салу деген үлкен абырой. Клубтың тәрбиеленушілері аудан, облыс және республикалық деңгейде, сондай-ақ ұлтаралық сайыстардың жүлдегерлері қатарынан табылып, чемпион атанғандары да бар, олар ұлттық құрама қатарына іріктелді.

Айта кетейік, «AMANAT» партиясының Бурабай аумақтық филиалы аталған жобалардың жоспарлы,әрі сапалы іске асырылуын өз бақылауына алып отыр. Бағдарлама аясында ауданда салынатын нысандардың құрылысын арнайы мониторинг тобы тексереді.
Қазіргі таңда партия ел еңсесін көтеріп, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне ұйытқы болуда. Бурабайлықтар алда жүзеге асатын тың жобаларды толық қолдайды. Келешекте жаңа бастамалар жүзеге асып, қолға алынған әрбір іс халық көңілінен шығады деп сенеміз.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар