Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жылқының қазақ жерінде қолға үйретілгенін дәлелдеген ғалым Виктор Зайберт өмірден озды - АРҚА АЖАРЫ

Жылқының қазақ жерінде қолға үйретілгенін дәлелдеген ғалым Виктор Зайберт өмірден озды

Ежелгі Қазақстан аумағында жылқының қолға алғаш рет үйретілгенін дәлелдеген ғалым Виктор Федорович Зайберт өмірден озды. Қаралы хабарды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі растады. Виктор Федорович Зайберт 1947 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданына қарасты Николаевка ауылында дүниеге келген.
Солтүстік Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің ескерткіштерін зерттеу саласындағы маман бірнеше ғылыми жаңалықтар мен Солтүстік Қазақстанның ежелгі тарихына арналған 100-ден астам кітап пен мақала жазған. Виктор Федорович– тарих ғылымдарының докторы, археология профессоры, Берлин қаласындағы Герман археологиялық институтының және ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының корреспондент мүшесі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-нің ғалым хатшысы болды.
Қоғамдағы өзара келісімді сақтау жөніндегі жемісті жұмысы, халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген еңбегі үшін ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталған. Ғалым өмірінің 40 жылдан астам уақытын Қазақстан және бүкіл Еуразия құрлығының ежелгі тарихын зерттеуге жұмсаған. Дүниежүзінде бірінші болып, Солтүстік және Орталық Қазақстан далаларында б.э.д. IV ғ. жылқы малының қолға үйретілгенін ғылыми түрде дәлелдеген.
Дереккөз: www.inform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар