Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бүлінген жерлерді биологиялық қалпына келтіру жолдары - АРҚА АЖАРЫ

Бүлінген жерлерді биологиялық қалпына келтіру жолдары

Жер бедерінің құрылымында, топырақтың және маманның түсініктемесі  жыныстардың экологиялық жай-күйінде өзгерістердің орын алуы, сондай-ақ, тау-кен өндіру, геологиялық барлау, құрылысжүргізу салдарынан едәуір дәрежеде бүлінген жер учаскелерін қалпына келтіру үшін оларды рекультивациялау қажет.

Биологиялық қалпына келтіру – бұл ауылшаруашылығы және орман дақылдары үшін қолайлы сумен және қоректік топырақ режимдерін құру жөніндегі шаралар кешені. Бұл кешен тыңайтқыштарменқоректенген және дақылдармен қаныққан ауыспалы егістерді, органикалық және минералды тыңайтқыштардың жоғары стандарттарын енгізуді қамтиды.

Қалпына келтіру процесі әдетте екі негізгі кезеңді қамтиды. Олар техникалық және биологиялық кезеңдер. Сонымен бірге, экологтардың пікірінше, улы қалдықтарды сақтау және көму үшін пайдаланылған жерлер қалпына келтірудің ең қиын тұсы болып табылады. Мұндай жерлер үшін арнайы қалпына келтіру қажет, ол жұмыс жылдарға созылуы мүмкін, олардың мерзімі қалдықтардың түріне және жерге әсер ету ыңғайына байланысты.

Қалпына келтіру жобасын әзірлеудің өзі – бұл күрделі және көп сатылы процесс, оған әртүрлі салалардағы мамандар қатысады. Жобаның мақсаттарына сүйене отырып, құжаттама дайындалады, жұмыс кезеңдері белгіленіп, бюджет нақтыланды.Бүлінген жерлерді, тозған жер алқаптарын қалпына келтіру үшін тау-кен өндіру, геологиялық барлау, құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргізу кезінде алынған топырақ оны өнімділігі төмен немесе топырақ жамылғысы жоқ учаскелерге салу жолымен пайдаланылады.Топырақ жамылғысының бұзылу сипаты және бүлінген жерлерді шаруашылық мақсаттарға жарамды ету жөнінде белгіленіп отырған іс-шараларға қарай рекультивациялау жобалары дайындалады.Бүлінген және ластанған жерлерді қалпына келтіру үшін қажетті жұмыстарды жүргізу тәртібі қалпына келтіру жобаларында көрсетілген.

«Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 17 сәуірдегі №346 бұйрығына сәйкес бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеуді азаматтар мен заңды тұлғалар жүзеге асырады.Бүгінгі таңда қалпына келтіру жобасын келісу рәсімімемлекеттік қызмет болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу тәртібін болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 4 шілдедегі №285 бұйрығымен бекітілген «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру» мемлекеттік қызмет стандарты әзірленді.

Стандарттың негізінде мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.Мемлекеттік қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары көрсетеді.

Бұл ретте, нұсқаулыққа сәйкес облыстың атқарушы органы берген жер учаскесінің құрамындағы бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісуді облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы, ал қалған жағдайларда бүлінген жерлер орналасқан жердегі ауданның (қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы жүзеге асырады.Ағымдағы жылдың басынан бастап «Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіменжоғарыдағы нұсқаулыққа сәйкес жалпы ауданы 96,2 гектар  бүлінген жерлерді қалпына келтірудің 5 жобасы келісілді.

Джейн АХМЕТОВА,

Ақмолаоблысы ауыл шаруашылығы және

 жер қатынастары басқармасыныңбас маманы. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар