Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көктемгі дала жұмыстарын ұйымшылдықпен қысқа мерзімде, сапалы атқарып шығуға барлық күш жұмылдырылсын - АРҚА АЖАРЫ

Көктемгі дала жұмыстарын ұйымшылдықпен қысқа мерзімде, сапалы атқарып шығуға барлық күш жұмылдырылсын

Көкшетауда Ақмола облысы аграршыларының «2022 жылғы көктемгі дала жұмыстарына дайындық және оны ұйымшылдықпен сапалы өткізу жөнінде алда тұрған міндеттер туралы» аграрлық кеңесі болып өтті. Кеңес жұмысына облыс әкімі Ермек Маржықпаев төрғалық етіп, сөз сөйледі. Аграрлық кеңеске  облыс әкімінің орынбасарлары, мәслихат хатшылары, басқармалар мен ведомстволардың басшылары, аудан әкімдері мен ауыл әкімдері, ауыл шаруышылығы құрылымдарының басшылары, ауыл шаруашылығы техникаларын өндіруші компаниялардың өкілдері, Бараев атындағы Шортанды астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары,  ауа-райын болжаушы мамандар және БАҚ өкілдері қатысты.

 Агрокеңес басталмас бұрын ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне, фермерлер мен ауыл-село, аудан әкімдеріне, басқа да келушілерге  «АгроКөкшетау-2022» көрмесі ұсынылды. «Көкшетау» мәдениет сарайы алдындағы алаңда «BAIDALA», «КАИК», «ЭкоСеверАгро», «КАМZAGRO»6  «ROSTSELMASH» тағы басқа көптеген компаниялар ауыл шаруашылығына арналған техникалар түрлерін көрсетті. Көрмеде алып  және шағын тракторлар, тұқым себу, тыңайтқыш шашу, шөп шабу, күреу агрегаттары, қысқасы ауыл шаруашылығына қажетті небір техника түрлері ұсынылды. Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев көрмені аралап көріп, техника шығарушы компаниялар басшыларымен пікірлесіп, олардың ұсыныстарын тыңдады.

– Біз пандемия салдарынан соңғы екі жыл бойы осындай көрме, агрокеңес өткізе алмап едік. Енді, міне, эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануына байланысты дәстүрге айналған шарамызды өткізіп отырмыз. Шақыруды қабыл алып, жаңа тауарларыңызды, жетілдірілген жаңа техникаларыңызды осында алып келгендеріңіз үшін көп рахмет! – деп өңір басшысы көрмеге қатынасушыларға алғыс айтты.

«Көкшетау» мәдениет сарайындағы «2022 жылғы көктемгі егіс жұмыстары ұйымшылдықпен жүргізу бойынша дайындық жұмыстары мен қойылған міндеттер» деп аталған агрокеңесті Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев сөз сөйлеп ашты.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында біздің алдымызда Жаңа Қазақстанды құру міндеті тұрғанын айтты.  Әлемде туындаған бүгінгідей геосаяси жағдайда елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету  аса маңызды мәселе. Сондықтан, біз барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, алдағы күзде егін орағын жақсы нәтижелермен аяқтауға күш салумыз керек. Өткен жылы қуаңшылыққа қарамастан, жоспарлы да, тиімді жұмыстар жүргізудің арқасында ойдағыдай өнім алған едік, – дей келіп, ол облыстың бүгінгі экономикалық даму барысына тоқталып, сөзін: – Республика бойынша  барлық негізгі көрсеткіштер сараланғанда біздің облысымыз бірінші орынға шықты. Бұл жетістікке сіздердің де қосқан үлестеріңіз мол, – деп түйіндеді.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіхалықов баяндама жасады.

2021 жылдың қорытындысы бойынша облыс  ауыл шаруышылығы саласының жалпы ішкі өнімінің көлемі 745,5 миллиард теңгені құрады. Оның ішінде өсімдік өнімі 482,4 миллиард теңге, мал шаруашылығы 262,5 миллиард теңге. Нақты өнім көрсеткіші 88,9 пайыз. Мұндағы кемшілік  қуаңшылық туғызған қолайсыздық салдарынан болды.

Өткен жылы 2,2 миллион тонна дән экспортқа шығарылса, ол 2020 жылдағыдан 169 мың тоннаға артық.

Мемлекет басшысы 2021-2025 жылдары еңбек өнімділігін арттырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді 2,5 есе арттыруды тапсырды. Ол тапсырманы орындауға  жер өңдеуде жаңа ылғалды сақтау технологиясын енгізіп, негізгі өнеркәсіп жұмыстарына сандық технологияны қолданып, ылғал сақтау мен жинақтауда агротехникалық шараларды жаңғыртып, суармалы егіс көлемін ұлғайтып, алқаптарға жоғары сапалы дән егіп, минералдық тыңайтқыштарды кеңінен қолданып, егінді арам шөптер мен зиянкестерден тиімді қорғап, ғылыми жаңалықтарды ретімен пайдаланғанда қол жетпек.

Ылғалды жинау мен сақтаудың негізі алқаптарда қар тоқтату, ылғал са0тау жұмыстары болып табылады. Сондықтан, облыста 1055 миллион гектар  жерде ылғал аударылған немесе, ол жоспардың 102 пайызы. Қар тоқтату екі  мәрте 716  мың гектар жерде атқарылды, басқаша айтсақ, жоспар 100 пайыз орындалды. Бүгінгі таңда егістік жерде ылғал сақтау жұмыстары жүргізілуде.

Үстіміздегі жылы 5,1 миллион гектар жерге тұқым себілмекші. Ол өткен жылмен салыстырғанда 57 мың гектар көлемге артық. Оның ішінде дәнді және бұршақ  дәнді дақылдар 4,6 миллион гектар жерге егілмек. Майлы дақылдарды 283 мың гектар жерге егу жоспарлануда. Ол 18,5 мың гектарға өткен жылғыдан артық көлем .

Ағымдағы жылғы егін егу жұмыстарына ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 530 мың тонна көлемінде тұқыммен толық көлемде қамтамасыз етілді. Тұрақты өнім алудың негізі – сапалы тұқым материалы, жоғары кондициалы тұқым себу. Тұқым сараптау зертханаларына себуге даярланған  530 мың тонна дән түссе, ол 100 пайыз тексеруден өткен. 487 мың тоннасы, немесе, 92,9 пайызы сапалы деп табылған.

Ғалымжан Әбдіхалықов өз баяндамасында сондай-ақ, минералдық тыңайтқыштар, оған бөлінетін субсидиялар туралы айта келіп, үстіміздегі жылы жергілікті бюджеттен пестицидтерді субсидиялау үшін 10,5 миллиард теңге бөлінгенін атап өтті.

Аграрлық кеңесте  А.И.Бараев атындағы тұқым шаруашылығы институтының бас директоры Нұрлан Серікпаев, «Еңбек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Қуаныш Рақышев, «Ен-Дала» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директорыТимур Пішенов, Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжанов,  «Қазгидромет» Ақмола облыстық филиалының  директоры Бақыт Мақажанова сөз сөйлеп, бірқатар мамандар пікірлерін ортаға салды. Көрші мемлекеттер арасындағы қайшылықтар, салынған санкциялар салдарынан кейбір аудандар шет елдерге астық сату жоспарын орындай алмауы мүмкін. Кейбір шаруашылықтар егу үшін дән таңдауда қателік жібереді, кейбір шаруашылықтар егіндікті күтіп баптаумен айналыспай, жердің құнарсыздануына жол береді. Субсидия алу мүмкіндігін де толық пайдаланбау кездеседі. Өңірдің 3 ауданында қаптаған киік егістік алқапқа зиян келтіруі мүмкін. Олардың өрісін алыстату мәселесі әлі күн қолға алынып, шешілген жоқ.

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев агрокеңес жиынын қорытындылап, шаруашылықтарға егіс науқанын ұйымшылдықпен өткізуді жүктеді. – Бизнес әрқашан халықтың ой-пікіріне, талап-тілегіне құлақ асып, көпшілікпен бірлесе отырып өрістеуі керек. Бізде осы бағытты ұстанып, ауылдарға тұрғын үй салып, жол төсеп, спорт ғимараттарын тұрғызып жүрген кәсіпкерлер бар. Президенттің тапсырмасына орай біз халықты тыңдай білуіміз керек. Тұрғындардың әлеуметтік жағдайына қарайласуды естен шығармаңыздар, – деді әкім қорытынды сөзінде.

Кеңеске қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, ауыл шаруашылығы техникаларын өндірушілермен пікірлесіп, өздеріне қажетті мәліметтер алысты.

Жиынға қатысушыларға облыс көркемөнерпаздары тартымды концерт ұсынды.

                                                                 Серік САПАРҰЛЫ,

                                             «Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар