Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетау жасыл желекке бөлене түседі - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетау жасыл желекке бөлене түседі

Өткен сенбі күні «Бірге – таза Қазақстан!» республикалық экологиялық акциясының аясында, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен Көкшетау қаласының маңындағы Бұқпа тауының баурайына екі жарым мың ағаш көшеттері отырғызылды.

 Облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары серуендегенді ұнататын кербез Көкшенің әсем көрінісін паш ететін шолу алаңына 50 түп алма мен қарағай отырғызылды. Ағаш отырғызуға облыстық жастар ресурстық орталығының белсенділері мен еріктілері, облыстық және қалалық мәслихат депутаттарымен бірге Ермек Маржықпаев та атсалысты.

Болашақта шолу алаңының аумағы жасыл желекке бөленген Көкшенің көрікті жерлерінің біріне айналмақшы. Осынау жалпықалалық сенбілікке облыс орталығындағы мекеме-кәсіпорындардың қызметкерлері бірігіп, тротуарларды ретке келтіріп, қыстан қалған қоқысты шығарып, ағаш отырғызды.

– Бүгін қала бойынша жалпы екі жарым мың ағаш отырғызылады, оның ішінде Достық үйінің жанындағы Назарбаев даңғылы бойында абаттандыру жұмыстары жоспарланған. Біз сонда ағаш көшеттерін отырғызамыз, олар жаңа жерде жақсы тамыр алады. Ал, көктемгі және күзгі көшет егу аясында барлығы 7 мың түп ағаш отырғызылады, – дейді Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса.

Бұл тұрғыда өңір басшысы:

– Тағы бір маңызды сәт,  ағашты отырғызғаннан кейін олар туралы ұмытпау керек. Қазір, өкінішке орай, біз әрбір екінші ағаштан айырылып жатырмыз, – деп баса айтты. Осыған орай, қала әкімі өңір басшысының биылғы жылы ағаштарды суару өз қалпында ұйымдастырылатынына сендірді. Сондықтан, бұрын ағаш отырғызып, күтіп-баптауға әр түрлі мердігер ұйымдар тартылса, биылғы жылы барлық жұмыс түрлері бойынша жалпы конкурс өткізілгендіктен, көшеттерді отырғызған серіктестік суаратын болады.

«Бірге – таза Қазақстан!» экологиялық акциясының басты мақсат да тұрғындарды тазалыққа шақыру. Оның қаланы абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды жүргізуге бағытталғаны даусыз. Бұл орайда қала тұрғындарының белсенділігі анық байқалады. Қаланы көркейтуге бағытталған іс-шара бір күннің ісі болмай жалғасын табады деген сенімдеміз.

Айдана СӘДУАҚАСОВА,

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар