Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Шектеу мен тыйым салу шаралары қарастырылды - АРҚА АЖАРЫ

Шектеу мен тыйым салу шаралары қарастырылды

 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі №190 «Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы» бұйрығының негізінде Есіл бассейні бойынша уылдырық шашу кезеңінде балық ресурстарын пайдалануға шектеу мен тыйым салу енгізілді.

 

Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде мынадай орындар мен мерзімдерде:
1) Есіл бассейнінің су айдындарында:
– шортан, аққайраң және көксерке – 15 сәуірден 15 мамырды қоса алғандағы аралықта;
– сазан (тұқы) – 20 мамырдан 20 маусымды қоса алғандағы аралықта;
– гамарус – 1 тамыздан 14 қыркүйекті қоса алғандағы аралықта;
– артемия жұмыртқалары – 1 наурыздан 15 маусымды қоса алғандағы аралықта;
– өзен шаяндары – 1 маусымнан 15 шілдені қоса алғандағы аралықта аулауға (жинауға, дайындауға).
2) Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының шегіндегі Есіл, Нұра, Сілеті өзендерінде және олардың барлық құймалары мен су қоймаларында 20 сәуірден 20 мамырды қоса алғандағы аралықта балық аулауға тыйым салу енгізілсін. Табиғат пайдаланушылардың қорықшылық қызметі уылдырық шашу кезеңінде бекітіліп берілген айдындарды (учаскелерді) үнемі бақылауға алуы қажет.
Аң аулау қағидасына сәйкес, Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инс-пекциясы 2016 жылы аң аулау маусымын 2017 жылдың 15 ақпанына дейін ашық деп жариялау туралы бұйрық шығарды. Бекітіп берілген аңшылық алқаптарға сай «Көкшетау» және «Бурабай» МҰТП-терінде аң аулауға рұқсат етілген.
Аң аулау маусымы еліктіруші үйрек пен тұлыптармен аталық үйректерді (ҚР Қызыл кітабына енген түрлерінен басқа) және құс ойнақ кезінде құр мен саңырау құр аталықтарын 2016 жылғы 16 сәуірден бастап 30 сәуірге дейін көктемгі аулаудан басталады.
– Қаздарды (ҚР Қызыл кітабына енген түрлерінен басқа), үйректерді (ҚР Қызыл кітабына енген түрлерінен басқа), қасқалдақты, құрды 3 қыркүйектен бастап 30 қарашаға дейін;
– шалшықшыны 1 шілдеден бастап 30 қарашаға дейін;
– бөдене мен кептерді 20 тамыздан бастап 30 қарашаға дейін (аң аулайтын иттермен және қыран құстармен бөденені аулау 15 шілдеден бастап ұшып кеткенге дейін);
– шілді 3 қыркүйектен бастап 15 қарашаға дейін (аулайтын иттермен және аңшы құстармен 15 тамыздан бастап);
– саңырау құрды 1 қазаннан бастап 30 қарашаға дейін;
– суырды 15 маусымнан бастап ұйқыға жатқанға дейін;
– марал, аскания бұғысы, қабан, бұлан, борсықтарды    3 қыркүйектен бастап 31 желтоқсанға дейін;
– сібір елігін 20 қыркүйектен бастап 31 желтоқсанға дейін (аталығына 1 тамыздан бастап);
– түлкi, қарсақ, сасық күзен, қоян, сілеусіндерді 2016 жылғы 1 қарашадан бастап 2017 жылдың 15 ақпанына дейін (аң аулайтын ит түрлерімен және аңшы жыртқыш құстармен қарсақ, түлкі және қоян аулау 15 қазаннан бастап) аулау.
Аң аулау үшін аңшыда аңшы куәлігі, жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсат құжаты, жолдамалар, аңшылық атыс қаруын қолдана отырып, аң аулау кезінде жеке тұлғаларға азаматтық қаруды және оның патрондарын сақтау мен алып жүруге, сақтауға арналған рұқсат және аңшы жыртқыш құстармен аң аулаған кезде сол құстың паспорты болуы керек.
Табиғат қорғау заңнамасын бұзу оқиғалары анықталған жағдайда, кінәлі адамдар осы заңнамаға сәйкес жазаға тартылатын болады.
Нығмет ҚАУАШЕВ,
Ақмола облыстық орман шаруашылығы және
жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар