Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Импорттың орнын алмастыру үшін шығарылатын өнім бәсекеге қабілетті болуы тиіс – Смайылов - АРҚА АЖАРЫ

Импорттың орнын алмастыру үшін шығарылатын өнім бәсекеге қабілетті болуы тиіс – Смайылов

Импорттың орнын алмастыру үшін шығарылатын өнім бәсекеге қабілетті және сапасы жоғары болуы тиіс. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Импорттың орнын алмастыру үшін шығарылатын өнім бәсекеге қабілетті және сапасы жоғары болуы тиіс. Сондықтан орталық және өңірлік деңгейдегі барлық мемлекеттік органдар жүйелі және үйлесімді жұмыс істеуі қажет», — деді Әлихан Смайылов. Осыған орай Премьер-Министр мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға бірқатар нақты тапсырма берді. «Бірінші, өңір әкімдіктері Индустрия және Ұлттық экономика министрліктерімен бірлесіп, импорт алмастыру жобаларын іске асыру үшін қажетті инфрақұрылымды уақытында жүргізіп беруді қамтамасыз етсін. Барлық жобалар жоспарланған мерзімге сай іске қосылуы тиіс.
Екінші, Индустрия министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен, «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, жобаларды қаржыландыру мәселесін пысықтасын», — деді Үкімет басшысы. Әлихан Смайылов үшіншіден, Сауда министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, СТ-KZ сертификаттарын алу тетігін, оның ішінде тиісті сертификаттарды беру функциясын Сауда министрлігіне қайтару мәселесін қарауды тапсырды.
«Төртінші, Білім министрлігі Еңбек, Индустрия, Энергетика, Ауыл шаруашылығы, Денсаулық сақтау, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерімен бірге өндірістерді уақытында іске қосуды қамтамасыз ету үшін білікті кадрларды дайындау мәселесін пысықтасын.
Бесінші, Индустрия министрлігі орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, айтылған тәсілдерді ескере отырып, 16 мамырға дейін Импортты алмастыру жөніндегі бағдарламаның жобасын пысықтап, Үкіметке енгізсін», деген Әлихан Смайылов бұл мәселелерді бақылауды ұстауды орынбасары Роман Склярға жүктеді. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар