Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысында мәдениет қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеуге шақырылды - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысында мәдениет қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеуге шақырылды

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Парасат жолы» орталығының алаңында мәдениет саласы қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша кездесу өтті.

Кездесу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аумақтық департаментінің қызметкері Ерсұлтан Меңлібай алдағы 5 жылға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдерін егжей-тегжейлі түсіндірді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі стратегиялық құжатта парасатты қоғам қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктерін жою, сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда азаматтық қоғамның рөлін күшейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың іске асырылуына тиімді мониторингті қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ Антикор қызметін жетілдіру мәселелері көрсетілген.

Спикер қаржы тергеулерін енгізу, «integrity check» институтына және мемлекеттік қызметшілердің шығыстарының олардың кірістеріне сәйкестігін тексеру бастамаларына ерекше назар аударды.

Сонымен қатар, облыстық кітапхана қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы хабарлағаны үшін сараланған сыйақы жүйесі туралы ақпарат беріліп, ең жоғары төлем 12 млн теңгеден асуы мүмкін екенін атап өтті.

Кездесу соңында қатысушылар адалдық және парасаттылық қағидаттарын сақтауға, сондай-ақ қоғамда ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын ілгерілетуге шақырылды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар