Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы орталық коммуникация-лар қызметінде өткен брифингте «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма төрағасы Әсет Ерғалиев осылай деп мәлімдеді.
Форум 25-26 мамыр күндері Елордада өтеді. АЭФ жыл сайын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен өткізіледі. Форум жаһандық экономиканы орнықты дамытудың сын-тегеуріндері мен тәуекелдерін, әлемдік қаржы-экономикалық жүйесінің қазіргі мәселелерін шешу жолдарын талқылау жетекші халықаралық сарапшылар, бизнес пен мемлекет өкілдерінің үлкен тобын біріктіретін ауқымды алаң болып табылады. АЭФ-тың басты тақырыбы – «Жаңа экономикалық шынайылық: әртараптандыру, инновациялар және білім экономикасы». Аталмыш тақырып шеңберінде әлемдік экономиканы дамытудың негізгі үрдістері мен сын-тегеуріндері, сонымен қатар, жаңа экономикалық шынайылық дәуірінде ұзақ мерзімді экономикалық өсумен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.