Елбасы алғысы жігерлендіреді

Кеше «Нұр Отан» партия-сының Ақмола облыстық филиалында өткізілген салтанатты шарада Қазақстан Респуб-ликасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауының ойдағыдай өтуіне өз белсенділіктерімен лайықты үлес қосқан бір топ ақмолалықтарға партия төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хаты тапсырылды.

Шара барысында сөз алған партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов тұтастай елімізде, соның ішінде Ақмола облысында да сайлаудың жоғары деңгейде, зор ұйымшылдықпен өткенін, мұның өзі ақмолалық тұрғындардың Елбасының сындарлы саясаты мен ұстанып отырған сара бағытын қызу қолдайтындықтарының жарқын көрінісі екендігін айта келе, осы абыройлы іске өздерінің зор үлестерін қосқан партия белсенділеріне ризашылығын жеткізді және  марапаттау рәсімін өткізді.
Бұл күні маңызды науқандағы жоғары қоғамдық-саяси белсенділіктері үшін Елбасының Алғыс хатына ие болғандардың арасында сан саланың өкілдері болды. Олар – еңбек ардагерлері, мәдениет және өнер қайраткерлері мен баспасөз қызметкерлері, ұстаздар мен дәрігерлер, үкіметтік емес ұйым жетекшілері, жастар.
Сонымен бірге, жиналғандардың бір тобына осындай Алғыс хат партия төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов пен партияның облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Сергей Кулагиннің атынан да тапсырылды. Мұндай марапаттау рәсімі осы күндері облыс қалалары мен аудандарында да өткізілуде.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар