Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Электрондық үкімет» веб-порталындағы жаңа жүйе - АРҚА АЖАРЫ

«Электрондық үкімет» веб-порталындағы жаңа жүйе

«Электрондық үкімет» веб-порталында заңды тұлғаның басшысын өзгерту жөніндегі жүйе енгізілді. Бұл туралы оқырманға қысқаша түсінік беру мақсатында  Ақмола облыстық Әділет департаментінің  бас маманы Тілеген Әубәкірді әңгімеге тарттық.

 – Заң аясында енгізілген жаңа жүйенің жұмыс тәртібіне тоқталсаңыз?

Өткен жылғы 11 қазаннан бастап «электрондық үкімет» веб-порталында www.egov.kz (бұдан әрі — ЭҮП) заңды тұлғаның (филиал мен өкілдіктің) басшысын өзгерту жөніндегі жүйе енгізілді. Сондай-ақ, басшының міндетін атқарушыны, заңды тұлғаның мүлкі мен қызметін басқарушыны тағайындау және басшыны лауазымынан шеттету мүмкіндігі бар. Оған қоса, «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-2 бабына сәйкес заңды тұлғаның басшысын өзгерту электрондық хабарлама негізінде жүзеге асырылады. Сол арқылы қазіргі уақытта қағаз тасығышта өтініш жасаудың баламасы көзделмеген.

– Сонымен, электрондық үкімет порталы арқылы онлайн қызметін қалай алуға болады?

–  Орынды сұрақ. Осыған байланысты енгізілген процесс бойынша жұмыс тәртібіне нақтырақ тоқталсам, мемлекеттік мекемені қоспағанда, заңды тұлғаның басшысын ЭҮП арқылы өзгерту үшін жаңа тағайындалған басшы жеке электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ) көмегімен ЭҮП-ның «бизнес» бөліміне кіреді. Одан әрі «бизнесті тіркеу және дамыту» – «бизнесті тіркеу және тарату» – «басшыны өзгерту туралы хабарлама» қызметін таңдайды. Сөйтіп, тағайындалған басшы «басшыны өзгерту туралы хабарлама» парағында электрондық өтініштің барлық көзделген жолдарын толтырады. Ал, одан кейін, егер жалғыз құрылтайшы болса, онда өтініш оның жеке кабинетіне келісуге жіберіледі. Егер құрылтайшылар біреуден көп болса, онда өтініш беруші ЭҮП-мен жиналыс төрағасының ЖСН-ін және жиналыс хатшысының ЖСН-ін толтыру қажет. Өтініш беруші қол қойғаннан кейін өтініш жиналыстың төрағасы мен хатшысының жеке кабинетіне келісуге жіберіледі.

Сөйтіп, ЭҮП арқылы келісудің барлық кезеңдері аяқталғаннан кейін тіркеуші органның қатысуынсыз автоматты режимде тағайындалған басшы туралы мәліметтер өзгереді.

– Мемлекеттік мекеме басшысын қалай өзгертуге болады?

– Мемлекеттік мекеме басшысын ЭҮП арқылы өзгерту үшін электрондық өтінішті тағайындалатын тұлға береді. Тағайындалған басшы электрондық өтінішті толтырады және өзінің тағайындалуы туралы бұйрықты pdf форматында енгізеді. Содан кейін осы электрондық өтініш тағайындалған басшының деректерінің дұрыс көрсетілуін тексеру мақсатында тіркеуші органға орындауға  жіберіледі. Тіркеуші орган осы өтінішті растағаннан кейін «Бизнес-сәйкестендіру» нөмірлерінің ұлттық тізілімінде тағайындалған басшы туралы мәліметтер көрсетіледі.

– Заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің басшысын өзгерту тәртібі қандай?

Филиал немесе өкілдік басшысын өзгертуге өтінішті бас ұйымның басшысы ЭҮП береді және оған ол қол қояды. Процесс тіркеуші органның қатысуынсыз автоматты режимде жүзеге асырылады. Алайда, егер бас ұйымда бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) жоқ шетелдік компания болып табылса, онда өтінішті тағайындалған басшы өзінің жеке ЭЦҚ көмегімен береді. Сөзімді қорыта айтсам, енгізілген кез-келген жаңалықтар мен процестер халықтың ыңғайлылығы мен игілігі үшін жасалады. Заңды тұлғаның (филиал мен өкілдіктің) басшысын өзгерту жөніндегі процесті енгізудің артықшылығы уақыттың қысқаруы, қағаз бастылықтың болмауы, ал, ең бастысы – кеңседен немесе үйден шықпай-ақ, мәліметтерді өзгерту мүмкіндігіне қол жеткізе аласыз.

– Әңгімеңізге рахмет.

 Әңгімелескен Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

 Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар