Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Иммундау апталығы болып өтті - АРҚА АЖАРЫ

Иммундау апталығы болып өтті

Дүниежүзілік иммундау апталығы аясында Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусинаның және облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Сыздықовтың қатысуымен «Иммундау апталығы» атты брифинг болып өтті.

Бүгінде ғаламдық иммундау апталығына 180-нен астам ел қатысады. Бұл шара дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен, жыл сайын  әр түрлі ұрандармен өткізілуде. Осылайша дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық бюросының бастамасымен 2005 жылдан бері жыл сайын сәуір айының соңғы аптасында әлем бойынша Дүниежүзілік иммундау апталығы ретінде аталып келеді. Биылғы жылы Дүниежүзілік немесе Еуропалық иммундау апталығы «Ескерту. Қорғау. Екпе салу» девизімен жүзеге асырылды.

Иммундау апталығы аясында әрбір балаға вакцинация жасалып, олардың денсаулығына байланысты сұрақтарға мамандардың кеңестері берілді. Осы тұрғыда кешенді иммундаудың маңыздылығы туралы халықтың хабардарлығын арттыру, нақтырақ айтсақ, балалар мен ересектер денсаулығы үшін вакциналардың маңыздылығын көрсету күшті әрі тұрақты денсаулық сақтау жүйелерін құру және жалпы денсаулықты қамтуға қол жеткізу үшін жоспарлы иммунизацияны ынталандыру қажет. Ол үшін вакцинациялану – ғылым мен денсаулықтың ең үлкен жетістіктерінің бірі екені еске салынды. Вакциналар кез-келген жастағы адамдардың өмірін сақтап қана қоймайды, сонымен қатар, болашақта біздің балаларымыз бен немерелеріміз үшін қанағаттанарлық өмірдің кілті болып табылады. Әрбір маман кеңесі – балалар мен жастар, ересектер мен қарт адамдардың арасында барлық қажетті екпелердің бар-жоғын тексеруге мүмкіндік береді.

Иммундау апталығын өткізу бізге вакцина арқылы алдын алуға болатын инфекциялар туралы үнсіз қалудың қажеті жоқ екенін еске салады. Вакцинацияның арқасында көптеген аурулар жойылып, оларды «ұмытып» кеткеніміз вакцинацияның енді қажет емес екенін білдірмейді. Жыл сайын дифтериядан, сіреспеден және көкжөтелден әлем бойынша 100 миллионнан астам балаға екпе салынады екен. Мәселен, қызылшаға қарсы  вакцинацияның арқасында  бүкіл әлемде аурудан өлім-жітім жағдайлары 2000-2006 жылдар аралығында 84 пайызға азайған. Бұл әрине, рекордтық оң нәтиже деген сөз.

– Қазақстанда республикалық бюджет есебінен 11 жұқпалы және паразиттік ауруға қарсы екпе жасалады. Бұл вакцинациялар медициналық қарсы көрсетілімдер болмаған кезде барлық балалар үшін міндетті болып табылады. Иммундау апталығының негізгі мақсаты да осы болды. Яғни, әр баланың денсаулығына алаңдаушылық туғызу. Мәселен, өткен жылдың желтоқсаны мен осы жылдың қаңтарында күніне шамамен 800-1100 адам екпе алса, қазір 317 адам ғана вакцина салдырған, – деген Айнагүл Советқызы, қазіргі таңда бұл көрсеткіш 3,5 пайызға азайып отыр деп қынжыла айтты.

Бүгінгі күні облыс тұрғындары арасында коронавирусқа қарсы вакцина салдыру мәселесі инфекцияның алдын алу мен онымен күресуде, оның одан әрі таралуына жол бермеуде стратегиялық маңызды тетіктердің бірі болып қала береді. Дегенмен, департамент пен аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары жүргізіп жатқан белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қарамастан, облыста да, Қазақстан Республикасында да екпе мен ревакцинация көрсеткіштері төмендеген. Олардың айтуынша, өкінішке орай, вакцинация рейтингі бойынша Ақмола облысы 14-ші орында.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Сыздықовтың хабарлауынша, профилактикалық егу жоспарының орындалмай жатқанының негізгі себептері бірінші кезекте 50 пайызы медициналық қарсы көрсетілімге, 40 пайызы жеке пікірге байланысты екен. 2020 жылмен салыстырғанда екпеден бас тарту жағдайы 10 пайызға артқанын да айтқан ол, қазіргі уақытта әлеуметтік желілердің арқасында антиваксерлер таратқан теріс, жалған ақпараттың көбейіп жатқанымен жеткізді.

Еліміз бойынша 59,4 пайыз, ал, облыс бойынша 51,7 пайызы ревакцинациямен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, Аршалы (45,3 пайыз), Бурабай (39 пайыз) аудандары мен Қосшы (36,9 пайыз), Көкшетау (47 пайыз), Степногорск (38,1 пайыз) қалаларында әлі де ревакцинациямен қамтамасыз етілуде аз көрсеткіштер байқалады. Сондықтан, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті әлі де вакцинацияланбаған және қайта вакцинацияланбаған тұрғындардың өздерін және жақындарын COVID-19-дан қорғауға кеңес береді. Олай болса, уақытында екпе алуды естен шығармайық.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

 Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар