Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сол соғыс жайлы үзік сыр - АРҚА АЖАРЫ

Сол соғыс жайлы үзік сыр

9 мамыр күні Зеренді ауданының Ортақ ауылында Ұлы Жеңістің 77 жылдығы құрметіне және ауыл мешітінің қайта жаңартылып ашылуына орай, мерекелік іс-шаралар өтеді. Біз бүгін осыған байланысты жергілікті ақын Базарбай Оралұлының Ұлы Жеңіске арналған төмендегі өлеңін оқырмандар назарына ұсынғанды жөн көріп отырмыз.

 Темір құрсанған жарақты жау кеп айлалы,
Кеңес елінің тірлігін бұзды жайдары.
Құйындай соғып, батыстан келген алапат,
Миллиондардың тағдырын оққа байлады.

Туғызып алған басына зұлмат, тозақты,
Орыстар үшін басталып күндер азапты,
«Кеңестер елін қорғаймыз!» деген ұранмен,
Майданға салды қиырда жатқан қазақты.

Құдайдай көріп, жасалған қолдан беделі,
Сталиндей қатал басшысы болып сенері,
Есіл ерлер-ай, жандарын қиған жат жерде,
«Қорғап жүргенім орыстың жері-ау» демеді.

Жетіспей қару, жүз мыңдап әскер жайрап қап,
Табылып жатыр қырғынға салған айғақ хат.
Харьков маңында қазақтың атты әскерін,
Танкіге қарсы қылыш, мылтықпен айдап сап.

Қан кешіп жүріп, алса да алғы шептерді,
Көре алмай кейде әділдіктен де еш белгі,
Ұлтымның небір батырға лайық ұлдары,
Атаусыз қалып, медальмен ғана шектелді…

Қорқыныштарын сабырға іштей жеңдірген,
Бір хабар тосып, елеңдеп тұрар ел бірден.
Сағынып ұлын сарғая күткен Аналар,
Көз жасын сығып, батысқа қарап телмірген.

Жүрмегендер-ай, жанының ойлап тынышын,
Байланған оққа не үшін және кім үшін?!!
«Қаралы қағаз» хабаршысы боп ажалдың,
Жалмаған еді-ау, біреудің жалғыз үмітін.

Ашылмай түбі ақиқат, шындық жата ма,
Жалғанда мына орыстан айла аса ма?!.
Аңғал қазақты тоғытып майдан өтіне,
Бұқпалап көбі, жандарын баққан тасада.

Жасқанбай жүріп, жапырар жауын егесте.
Болмайды сірә «аруағы басым» демеске!
Түркінің қаны ойнаған тұла бойында,
Ежелден қазақ жаужүрек халық емес пе?!!

Десек те кейде  «өткен күндерде жоқ белгі»,
Шындықты жазу келер ұрпаққа дөп келді.
Қасірет-қайғы әкелген сол бір соғыстың,
Бағасын әділ беретін уақыт жетті енді!..

Базарбай Оралұлы.

 Ортақ ауылы.

Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар