Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ғұлама ғалым ұлағаты - АРҚА АЖАРЫ

Ғұлама ғалым ұлағаты

Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтпаевтың туғанына  117 жыл толуына орай, облыстық «Қазақ тілі және мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің  ұйымдастыруымен «Қ.И.Сәтпаев ХХ ғасырдың ғұлама ғалымы» атты ғылыми-практикалық семинар болып өтті.

 

Бұл шараны ұйымдастыруға А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті мен Солтүстік Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаментінің де атсалысқандығын атап өткен жөн. Шараға ғалымдар мен жоғары оқу орындарының студенттері, мектеп оқушылары қатысты.
Ғылыми-практикалық семинарды ашқан облыстық «Қазақ тілі және мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықов бұндай шараны өткізудегі басты мақсат Жезқазған өңіріндегі көптеген
жерасты байлықтарының көзін ашып, еліміздің ғылымының дамуына зор үлес қосқан заңғар тұлғамыздың өмір, еңбек жолын жас ұрпаққа таныстыру, сол арқылы олардың бойында отансүйгіштік, елжандылық, интернационалдық тәрбиені сіңіру екендігін атап өтті.
Семинарда ұлы ғалымның бала кезінен бастап ержетіп есейгендегі, ғылым жолына түсіп, биіктерге көтерілген кезеңдері туралы жан-жақты ақпараттар берілді. №18 Көкшетау орта мектебінің оқушылары Нұрлан Оразбаев пен Аида Әмірханова бала Қаныштың өмірі жайында әңгімелеп берді. Бала кезінен оқуға зерек болған ол өзге балалар сияқты қалтасына асық салып ойнамай, керісінше өзен жағасында жатқан тастарды жинайды. Әкесі Имантай алғыр ұлдың болашағынан үлкен үміт күтіп, ауыл мектебін бітірген соң Павлодар қаласындағы орыс-қазақ училищесіне оқуға жібереді. Денсаулығының нашарлауына қарамастан, білімге құштар бозбала оқуын ойдағыдай бітіріп шығады. А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенті Мағыпар Атығай ғалымның Томск технология институтына түсіп, оқыған кезеңі жайында әңгімелеп берді. Сол замандағы іргелі оқу орнын бітірген жас маман еңбек жолын Жезқазған өңірінде жер асты байлығын зерттеуден бас-тайды. Оның ғылымдағы биік жетістіктерінің негізі де дәл осы аймақта қаланған болатын.
А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің оқытушысы техника ғылымдарының кандидаты Нұржан Болатов пен Ризат Елубаев Қаныш Сәтпаевтың ғылым саласындағы еңбектері мен қоғам қайраткері ретіндегі жұмыстары жайында жан-жақты баяндады. Сәтпаев ашқан жер асты байлықтары әлі күнге дейін халық игілігіне пайдаланылып жатыр. Ол іргесін қалаған қазақ политехникалық инс-титуты мен геология институты да халыққа қызмет етуде. Соңында өлмес мол мұра қалдырған ғалым, қоғам қайраткері Қаныш Сәтпаевтың есімімен аталатын қала, көшелер, тіпті ғаламшар да бар. Көкшетау қаласындағы орталық көшелердің біріне заңғар ғалымның есімі беріліп, оның ескерткіш бюсті орнатылған.
Шараға белсене қатысқан ғалымдар мен студенттерді «Қазақ тілі және мәдениеті»  қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.Қиықов пен облыстық жастар ісі саясаты басқармасының басшысы Р.Галлямов алғыс хаттармен марапаттады. Семинар соңында оған қатысушылар Қ.Сәтпаев көшесінің бойындағы ғалымның ескерткіш бюстіне гүл шоқтарын қойды.

 

Қалкөз ЖҮСІП

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар