Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы қаласында KFKO WKB Киокушин Будокай нұсқасы бойынша Азия чемпионаты аяқталды. Жарыста Испания, Израиль, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстаннан 400 спортшы өнер көрсетті.
Құрлықтық біріншіліктің қорытындысы бойынша Ақмола облысының жас спортшылары 18 марапатқа ие болды. Нақтырақ алсақ, Самира Рахметолла, Әбусағит Әлішер, Дмитрий Наиста, Тимур Магуренко және Экиджи Нурзюль-Наиле чемпион атанса, Экиджи Абдуллах Эмир, Ажар Ризабекова, София Пак және Нұралы Базаров екінші орынан көрінді. Ал, Құнанбай Әлихан, Нарын Ғибратәлі, Абылай Әнуар, Әбусағит Ілияс, Әлмен Айтуар, Диас Темірғалиев, Қалел Санжар, Қайролла Мөлдір және Қайролла Мөлдір (ката) үшінші орын иеленді.
Балаларды ағайынды Алмас және Аязби Алшынбаевтар, Мира Бекжанова және Рүстем Нұрышев жаттықтырады.