Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Үкімет ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға мүдделі - АРҚА АЖАРЫ

Үкімет ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға мүдделі

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жұмыс сапарымен Ақмола облысында болып, Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асырудың барысымен танысты.  Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің өңірімізге сапарында облыс әкімі Ермек Маржықпаев бірге болды.

Қаржы министрі жұмыс сапары барысында Родина кентінің тұрғындарымен кездесіп, ондағы көкөніс қоймасында, ешкі фермасында, сүт зауытында болып, баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралыжұмыс кездесуін өткізді.

«Табыс» серіктестігінің директоры Евгений Самусевич көкөніс қоймасының жобалық қуатына тоқталды. Жобаның құны 737 миллион теңгені құрайды. Өндіріс 2020 жылдың қыркүйегінде (бірінші кезең), екіншісі – 2022 жылы іске қосылған. Бірінші кезеңнің өндірістік қуаты – жылына 5600 тонна,екіншісі – жылына 10 000 тонна. Мемлекеттік қолдау аясында жалпы ауданы 5,0 га болатын жер телімі берілген. Оның 137 миллион теңгесі компанияның ірі жобаға салған жеке қаражаты болса, 600 миллион теңге «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында берілген.Қажымұқан ауылында олар «Зеренді» асыл тұқымды мал шаруашылығы» серіктестігінің ешкі шаруашылығында болды.

– Кәсіпорынның жалпы көлемі 40 гектар болса, егіс алқабы334 гектар, – дейді асыл тұқымды мал шаруашылығының директоры Ермек Ұлықбанов.  Оның айтуынша, қазіргі уақытта ұсақ мал басы бойынша 1119 ешкі өсірілуде. Шаруашылықта сүт, ірімшік, ашытылған сүт өнімдерінің 12-ден астам түрі, сонымен қатар, йогурт, балмұздақ, рикота ірімшігі, брынза, ет, ет өнімдері, тері шығарылады. Жобаның құны 3 миллиард теңгені құрайды.Отандық өнімнің танымал жеткізушілерібар Родина ауылында, яғни, адамдардың жайлы өмір сүруіне барлық жағдай жасалған ауылда елордалық делегация интерактивті қондырғылармен жабдықталған жалпы білім беретін мектепте, «Родина-Агрофирмасының» жергілікті заманауи супермаркеті мен сүт зауытында болды. Кәсіпорынның бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Иван Сауэр шығарылатын өнімдерге кеңінен тоқталды. Кәсіпорын халыққа майлылығы әртүрлі сүт, айран, 15, 20 және 30 пайыздық қаймақ пен 5 пайыздық сүзбе, «Сластёна» ряженкасы, йогурттар, 82,5 пайыз сары май, антиоксидантты, иммуномодуляциялық қасиеттері бар өнімдершығарады. Мұның бәрі Назарбаев Университетінің ғылыми зертханаларында қазақстандық ғалымдармен арнайы әзірленген.Жобаның құны 605 миллион теңгені құрайды. Кәсіпорынның жалпы аумағы 1968 шаршы метр. Өндірістік қуаты – ауысымына 50 тонна.

Жаңа жұмыс орындары, шағын және орта бизнесті дамыту, сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын жүйелі түрде тұрақтандыру Қаржы министрінің сапары барысында талқыланған негізгі мәселелер болды.

Ерұлан Жамаубаев Родина ауылының тұрғындары алдында сөйлеген сөзінде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда мемлекеттік бюджет кірісінің қарқынды өскенін атап өтті.

Ол мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге қолайлы бизнес орта жасалып, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатқанын баса айтты. 2025 жылға дейін «Ауыл – ел бесігі» жобасы жүзеге асырылса, ауыл тұрғындарының 90 пайызға жуығы өмір сүру сапасын жақсартады.

– Ерұлан Кенжебекұлы, облыс әкімі Ермек Маржықпаев әр өңірде халықпен есеп беру кездесулері аясында ақмолалықтарға жалақы мен салық бойынша «сұр» сұлбаларды жоюдың маңыздылығын ұдайы түсіндіріп келеді. Осы бағытта оқырмандарымызбен пікіріңізді бөліссеңіз, – деген журналистердің сұрағын да аяқсыз қалдырмады.

– Бюджеттің кіріс бөлігі әртүрлі көздерден қалыптасады. Олардың ең маңыздысы, кәсіпорын төлейтін корпоративтік табыс салығы, одан жергілікті бюджет қалыптасады және әрбір азамат өз табысының белгілі бір пайызын төлеген кезде жеке табыс салығы болып табылады. Салық төленбесе, бюджет те қалыптаспайды.Әрбір азамат салықтың «мемлекеттің қалтасына түсетін» ақша ғана емес, ең алдымен, елді мекендерді абаттандыруға, халықтың әл-ауқатын жақсартуға, яғни, жалақыны, жәрдемақыны, зейнетақыны арттыруға жұмсалатынын түсінуі маңызды. Сондықтан, мен Қаржы министрі ретінде еліміздің барлық азаматтарын салықты уақытылы, жауапкершілікпен төлеуге шақырамын, – деді Ерұлан Жамаубаев өз жауап сөзінде.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Суреттерді түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар