Балалардың жазғы демалыс мәселелері талқыланды

AMANAT партиясы Ақмола облыстық филиалы ғимаратында облыстық мәслихат депутаттары Марат Сырлыбаев пен Елена Мащинская басқаратын білім беру және денсаулық сақтау, отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестердің бірлескен отырысы өтті.

Білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының мүшесі М.Сырлыбаев іс-шараны аша отырып, бүгінде Қазақстан өз дамуының жаңа кезеңіне аяқ басқанын атап өтті.

–Конституциялық реформалар заман талабына сай және ел болашағы үшін маңызды саяси бастамалар болып табылады. Бұл реформалар барлығына бірдей мүмкіндіктер мен тең жағдайларды қамтамасыз етуге арналған. Біз мемлекеттік жүйені жетілдіреміз, қоғам мен биліктің тиімді диалогын орнатамыз. Осылайша біз Жаңа Қазақстанды құрамыз, ­– деді Марат Қадырұлы. Сондай-ақ, ол жаңа Қазақстанды құру үшін әрқайсымыз өзімізден бастауымыз керек деп сөзін толықтырды.

Бұдан әрі қатысушылар маңызды әлеуметтік мәселелерді қарастырды. Балалар жылы шеңберіндегі іс-шараларды іске асыру барысын және жазғы каникул кезінде оқушылардың демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын, осы тұрғыдағы проблемалар мен оларды шешу жолдарын талқылады.

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ботагөз Дүйсенованың айтуынша, Балалар жылына арналған өңірлік іс-шаралар жоспары 7 бөлім бойынша 75 тармақтан тұрады. Білім беру саласына 13,7 миллиард теңге бөлінді.

Балаларды қолдау мақсатында денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, спорт және мәдениет салаларына облыстық бюджеттен бөлінген қосымша қаржы 2,9 миллиард теңге.

Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының әлеуметтік мәселелер жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Елена Мащинская келесіні атап өтті:

Облыста 130 мыңнан астам оқушы білім алатын 551 мектеп, халықтың әлеуметтік осал топтарынан 15 мыңнан астам бала бар. Бүгінгі күні көптеген отбасылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы балалардың демалысы мен денсаулығын өз бетінше ұйымдастыруға мүмкіндік бермейді.  Сондықтан, біздің білім беру басқармасы маусым-шілде айларында мектептердің көп болуына қарамастан, жазғы мектептер мен балалардың дем алуы үшін алаңдарды сапалы ұйымдастыруы қажет.

Әрине, қала маңындағы 15 орталықтағы балалардың демалысы тамаша мүмкіндік онда сауықтыру ғана емес, сонымен қатар балалар мен жасөспірімдердің жан-жақты дамуы үшін маңызды шаралар атқаруға болады. Бұл кешенді міндетті шешу үшін әр түрлі деңгейдегі барлық ведомстволардың үйлесімді жұмысы талап етіледі.

Депутат қаржыландырудың жетіспеушілігінен туындайтын күрделі мәселелерге де назар аударды. Мысалы, Жарқайың, Жақсы, Ерейментау аудандарындағы демалыс лагерлері күрделі жөндеуді қажет етеді.

Сонымен қатар, депутаттық корпусты жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың немесе жоғары шығынды бөлігі бар бизнестегі әлеуметтік-бағдарланған бағыт ретінде ішінара мемлекеттік субсидиялаудың болмауы, мемлекеттік деңгейде БСО қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың шектеулі мүмкіндіктері, БСО-ны дамытуға, айналым қаражатын толықтыруға мақсатты, жеңілдікті, «арзан» кредиттеудің болмауы алаңдатады.

133346 оқушының 15379-ы халықтың әлеуметтік осал топтарынан. 338 бала ювеналды полиция есебінде, 592 оқушы мектепішілік есепте тұр, 683 кәмелетке толмаған бала қолайсыз отбасыларында тәрбиеленуде. Бұл дегеніміз, 17 мыңға жуық осындай бала жазғы кезеңде демалу және сауықтыру іс-шараларымен қамтылатын болады.

Қазіргі уақытта қала сыртындағы 15 орталықта, оның ішінде 10 бірінші кезекте мемлекеттік және 5 жекеменшік орталықта жазғы демалысқа дайындық жұмыстары жүргізілуде. Осы жазда жас қазақстандықтар үшін Зеренді ауданындағы «Сұңқар» сауықтыру кешені есігін айқара ашады. Ол «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының теңгерімінен облыстың коммуналдық меншігіне берілді және енді жыл бойы сауықтыруға және мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуге оқушыларды қабылдайтын болады. Жыл басынан бері орталық 2 мыңға жуық баланы қабылдап та үлгерді.

Ерейментау және Жарқайың аудандарынан облыстық мәслихат депутаттары Гүлден Мұхамбетжанова мен Бекім Әкімов жергілікті жерлерде жүргізілген мониторинг нәтижелерімен таныстырды. Сондай-ақ, Ақмола облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Дина Ахметжанова, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсет Бүкібаев, ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Айнагүл Қуандықова баяндамалар  жасады.

Отырыс барысында айтылған барлық ұсыныстар мен ескертулер қорытынды хаттамада көрініс тапты және алдағы уақытта мүдделі мемлекеттік органдар мен жалпы кеңес мүшелерінің жұмысында ескерілетін болады.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар