Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Цифрландыру жоспарға сай іске асырылуда - АРҚА АЖАРЫ

Цифрландыру жоспарға сай іске асырылуда

Өңірлік коммуникациялар орталығының ақпараттық алаңына келген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика жөніндегі комитетінің бөлім меңгерушісі Виктор Красноусов процессуалдық шешімдерді ақпараттық форматта цифрландыруды  жүзеге асыру стратегиясы туралы баяндады.

    Қазақстан Республикасының Президенті бекіткенҚазақстан Республикасын дамытудың  2025 жылға дейінгі Стратегиясына сәйкес, құқыққорғау және сот органдарына бірте-бірте қылмыстық іс жүргізуді электрондық форматқа көшіру тапсырылды. Қылмыстық істі тергеуді электрондық форматқа кезең-кезеңімен көшіру «Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасында да қарастырылған.

Сотқа дейінгі істі электронды жүргізу арқылы ведомстволық және прокурорлық қадағалау жүргізіледі. Ол онлайн режимінде жүзеге асады. Электрондық қылмыстық іс жүргізу барысына төмендегі принциптер жатады:уақытты үнемдеу және тергеуге жұмсалар қаржыны үнемдеу, қылмыстық істің ашықтығы, қылмыстық істің жалғандығының болмауы,  сапалы прокурорлық бақылау, қылмыстық процесте қағазды барынша үнемдеу, ұйымдасқан қылмыстық әрекеттерді болдырмау, процеске қатысушылар санын барынша азайту.

Өткен жылмен салыстырғанда қазір қылмыстық істерді тергеу органдары 93 пайыз қылмыстық істерді электрондық форматта тексереді. Бұл көрсеткіш 2021 жылы 80 пайыз, 2020 жылы 36 пайыз ғана болатын. Қылмыстық істер органдары стратегиялық даму жоспары алға қойған міндеттерді орындап келеді. Цифрландырудың тағы бір көрінісі үш кезеңді моделді енгізу болып табылады. 2020 жылдың 31 желтоқсанынан бастап қылмыстық процеске үш кезеңді модель енгізілген болатын. Осы енгізілген әдіс процессуалдық шешімдердің уақытымен шығарылмау дерегін азайтуға, прокурор мен соттың қылмыстық істі қосымша тергеуге жіберуіне, азаматтардың конституциялық  құқықтарының  қорғалуына игі әсер етті.

Осы модель енгізілгеннен бері қылмыстық істерді іздестіру органдарынан прокурорға бекітуге немесе келісуге 28 003 процессуалдық шешім түсіп, оның 21 251-іне прокурор келісім беріп, 1652-сін келіспей қайтарыпты.Бұл әдіс алғашқы тіркелген күнінен бастап, сот шешімі шыққанға дейін істі толық бақылауға алуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуын 60 пайызға азайтуға қол жеткізілді. Мұндай дерек саны 2020 жылы 50 болса, 2021 жылы 20 адам болды.

Е-УД модулін жүзеге асыру барысында қорғаушылардың «Е-заң көмегі» электрондық тіркемесі қолданысқа енді. ҚР Бас прокуратурасы, ҚР Ішкі істер министрлігі мен Әділет министрлігінің біріккен 2020 жылғы 12 тамыздағы бұйрығымен елімізде Е-заң көмегі жобасы іске қосылып, қорғаушылардың процеске тағайындалуын автоматтандыру, сотқа дейінгі  кезеңде мемлекеттік құқықтық көмекті қаржыландыруға кепілдігі іске асырылды.

Бұл жағдай е-УД электрондық формасын толтыру арқылы қылмыстық іске қорғаушыны тағайындауды қарастырады.  Қорғаушыны тағайындау туралы ұсыныс толтырылғаннан  кейін мәлімет қорғаушылардың мобильдік қосымшаларына түседі, кезекші қорғаушы түскен істі өзіне алып, содан кейін е-УД модуліне  қорғаушының тағайындалғаны туралы мәлімет түседі. Одан соң  полиция қызметкері е-УД-ға қорғаушы тағайындалғаны жөнінде электрондық қаулы енгізіп, автоматты түрде азаматтардың  қорғалуы жөнінде хабар алады.

Қысқасы, ендігі жерде жаңағыдай жұмыстарды рәсімдеуге тергеушілердің 5 минут қана уақыты кетеді. Ағымдағы жылдың төрт айы ішінде тергеу органдары е-УД модульі бойынша 305 қылмыстық іске қорғаушы тағайындау туралы қаулы шығарған.

Виктор Красноусов брифинг барысында сондай-ақ, сараптама тағайындау жөніндегі «Е-сараптама» электрондық форматының қызметі жөнінде де баян етті. Соңғы 4 ай ішінде 509 соттық сараптама электрондық форматпен тағайындалған. Жалпы, өңір тұрғындары http://qamqor.gov. kz. сайтынан қылмыс деректері туралы мәліметтерді оқи алатыны еске салынды. Сол сияқты, ТМД елдері бойынша осы сайттан қай өңірде қылмыстың қай дәрежеде екенін анықтап, қай өңірде демалып, оқуға болатынын пайымдауға болады. Облыс және аудан, еліміз  жөнінде де мәлімет алу қарастырылған.В.Красноусов журналистерге осындай-осындай мәліметтер ұсынып, сұрақтарына жауап берді.

                                                     Серік Сапарұлы,

                                 «Арқа ажарының» өз тілшісі.

 Суретті түсірген Берік Ескенов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар