Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жастарға артатын сенім мол - АРҚА АЖАРЫ

Жастарға артатын сенім мол

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынғалы жер-жерде түсіндіру жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр.

Осыған орай, Ақмола облыстық жастар-ресурстық орталығы Щучинск қаласындағы педагогикалық колледжде жастарға ел Конституциясынатүзетулеренгізудің мән-маңызын түсіндіруге арналған диалог алаңын ұйымдастырды.

Диалог алаңына Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев, облыстық және аудандықжастар ресурстық орталықтары, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері, жастар ұйымдарының басшылары мен көшбасшылары және қоғамдық ұйымдардың төрағалары қатысты.

Жастар – елдің болашағы. Оларды алдағы 5 маусымда өтетін референдумға белсене қатысып, Қазақстанның іргесін нығайтуға шақырған сөз сөйлеушілер Ата Заңымыздағы 33 баптың өзгеріске ұшырайтындығын, суперпрезиденттік басқарудың алып тасталуы, Конституциялық сотты қайта құру секілді маңызды тұстарды жан-жақты түсіндірді.

– Референдумға қатысып, пі­кірлеріңізді ашық айтып, еліміздің болашағына, жаңа өміріне қадам жасау жастардың да парызы болмақшы. Бұл елімізде 30 жылдың ішінде екінші рет өткізілгелі отырған референдум, яғни, тарихи-саяси маңызды сәт. Бүгінгі таңда елі­міз үлкен өзгерістер алдында тұр. Оның болашағы мен дамуы тікелей осы референдумға байланысты. Мен алдағы референдумға, Конституцияға енгізілетін түзетулерге оң көзқараспен қараймын, себебі,осы жолы еліміздің өркендеуінің іргетасы қаланатынына сенемін, – деді өз сөзінде «Жастар қызметкерлері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұрлыбай Наурызбаев.

Кездесу соңында қатысушылар қонақтарға өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, кейбір көкейкесті мәселелер бойынша қосымша ақпарат алды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар