Адам өмірін сақтап қалған дәрігерлерге ескерткіш

Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасының жанындағы медицина қызметкерлеріне арналған аллеяда Ұлы Отан соғысына қатысып, ерен ерліктің үлгісін көрсеткен және коронавирус пандемиясы кезінде науқастардың өмірін сақтаймын деп мезгілсізқайтыс болған медицина қызметкерлерін еске алуға арналған екі ескерткіш-стела орнатылды. Осы мемориалдық кешеннің ашылуы және гүл шоқтарын қою рәсімі үш күннен бері Көкшетауда өтіп жатқан «Өмір үшін интеграция» атты республикалық ведомствоаралық конференция аясында болып  өтті.

Өзгелердің өмірі үшін күресіп жүріп, өз өмірлерін қиған медицина қызметкерлерінің ерлігі қашанда халық жадында сақталады. Осыдан бірнеше жыл бұрын елімізге белгілі дәрігер, сол кезде Ақмола облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясын басқарған Қасымжан Тәшметовтың бастамасымен дәрігерлерінің құрметіне ашылған аллеядағы жаңадан орнатылған мемориалдаәскери медбике және қорғаныс костюмі мен маска киген дәрігердің портретібейнеленген екен. «Жүрек оты сөнбейді» атты мемориалдың жанында 2020 жылдың шілде айында қызмет бабында коронавирустан қайтыс болған,Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасының бұрынғы анестезиолог-реаниматологы, дәрігер Олег Исаевтың портреті тұр. Ол аты жаман індетті науқастарды құтқарып жүріп, жұмыс орнында жұқтырып, кейін өзі көптеген жылдар бойы жемісті еңбек еткен қалалық аурухананың реанимация бөлімшесінде қайтыс болды.

Кейін осы ерен еңбегі ескеріліп, Мемлекет басшысының Жарлығымен марқұмға Қазақстанның Еңбек Ері  атағы берілді. Іс-шарада Отан қорғауда және коронавирус індетінің өршіген кезеңінде жұмыста жүріп қайтыс болған медицина қызметкерлері бір минуттық үнсіздікпен еске алынды.

–Адам өмірі үшін күресіп жүріп, өздері қаза тапқан әріптестеріміздің рухына бас иеміз және бүгінде қатарымызда еңбек етіп жүрген абзал жандардың бәріне шексіз ризашылығымызды білдіреміз, –деді Ұлттық медицина қауымдастығының президенті Айжан Садықова.

Бұл күні дәрігерлердің қажырлы еңбегі, ұйқысыз түндері, жанқиярлығы мен батылдығы үшін  осындайалғыс сөздер сан рет айтылды.

Жас ұрпақ бейбітшілік пен тыныштықтың қандай жолмен келетінін білулері тиіс. Барлық әріптестеріме, жергілікті атқарушы органдардың өкілдеріне осы аллеяны абаттандыруға көмектескені үшін, өзгелерді құтқарып жүріп, өз жандарын қиған дәрігерлерді еске алғаны үшін алғысымды білдіремін, – деді осы конференцияны өткізуге және мемориалдық кешеннің ашылуына ұйытқы болған «AQNIET» салалық медицина қызметкерлері кәсіподағының облыстық филиалының төрағасы Қасымжан Тәшметов.

Салтанатты рәсімде облыстың үздік медицина қызметкерлері «Шипалы алақан» медальдарымен, облыстық денсаулық сақтау басқармасының және «AQNIET» кәсіподағының Құрмет грамоталарымен марапатталды.Ескерткіштің ашылу рәсіміне қала әкімі Бауыржан Ғайса, қалалық мәслихаттың хатшысы Рүстем Қалышев, денсаулық сақтау саласының құрметті ардагерлері Серік Аяғанов пен Кенжебек Шайсұлтанов қатысып, мемориалға гүлшоқтарын қойды. Аллеяда кейін жапырағын жайып, өзгелерге сая болатын ағаш көшеттері отырғызылды. Қазірдің өзінде мұнда алғаш аллея ашылғанда, одан кейін де отырғызылған ағаштар саябаққа айналып, жазда науқастар мен оларға келушілердің сүйікті орнына айналған. Сөйтіп, бір кезде ыждаһаттылықпен қолға алынған баянды бастама өз жемісін беріп, облыстық аурухана аумағын өзгеше реңге бөлеп тұр.

Ескерткіш ашылғаннан кейін қатысушылар суретке түсіп жатты. Ал, оның әр жағында жылап тұрған сұңғыла бойлы, әдеміше келген бойжеткен тұр. Ол Олег Исаевтың қызы Алина еді. Қас-қағым сәтте оның айналасына әкесінің әріптестері жинала қалып, жылы құшақтарына басып, жұбатып, қуаттандыра түсуде.

Ы.ШАМШИЕВА.

Суретті түсірген Айбек ДАНИЯРОВ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар