Референдумға қатысудың маңызы түсіндірілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Бақытжан Жұмағұлов пен Нұрлан Бекенов жұмыс сапарымен Ақмола облысында болып, Ш.Уәлиханов және А.Мырзахметов атындағыКөкшетау университеттерінің оқытушылық-профессорлық құрамымен және студенттерімен бүкілхалықтық референдум жөнінде кездесу өткізді.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде өткен кездесуді оқу орнының ректоры Марат Сырлыбаев ашып, жүргізіп отырды. Сенаторлар жастардың білімді болуы Жаңа Қазақстанды құруда аса маңызды рөл атқаратындығына назар аударды және жастардың референдумға қатыса отырып, өздерінің азаматтық позицияларын айқын көрсете алатындықтарын тілге тиек етті.

–5 маусымда еліміз үшін жаңғырудың тағы бір кезеңі болмақ. Дәл сол күні өзін Қазақстанның азаматымын деп танитын әр адам өз таңдауын жасауы тиіс. Заман талабы өзгеруде. Сондықтан, жаңа Қазақстанды сіз бен біз болып бірге құруға талпынуымыз қажет. Референдумға бір кісідей қатысып, өз көзқарасымызды білдіруге тиіспіз. Бұл әркімнің азаматтық парызы, – дей келе, Бақытжан Жұмағұлов «Аманат» партиясына төрағалық етуден Мемлекет басшысының шығуын, ұйымның жер-жердегі филиалдарынан облыс әкімдерінің төрағалық етулерінің тоқтатылуын атап өтті.  Әсіресе, жастардың ғылым-білімге ден қойып, Жаңа Қазақстанды құруда белсенді болуларына шақырды.

Абай Мырзахметов атындағы университетте өткен кездесуді оқу орнының ректоры Сағынтай Елубаев кіріспе сөзбен ашты.  Өз кезегінде Парламент Сенатына Ақмола облысынан сайланған Нұрлан Бекенов жастардың қандай да көзқараста болсын, өз позицияларын референдумда анық көрсетулері қажеттігін қадап айтты.

–Қазіргі реформалар саяси сайлау жүйесін терең демократияландыруға бағытталған. Референдум – бұл қазір қазақстандықтарға аса қажет нәрсе. Еліміздің әрбір азаматы 5 маусымда келіп, дауыс беріп, өзгерістерге қатысты өз ұстанымын көрсетуі керек. Мемлекет басшысы ұсынған реформалар жаңа Қазақстанның құрылысына жол ашады, – деп атап өтті депутат Нұрлан Жексембайұлы. Бұдан әрі ол облыс аумағында жоспарланған келелі жобалар туралы айтып, биылдан бастап Көкшетауда жылу-электр орталығының құрылысы басталатындығымен қуантты.

Екі кездесу барысында да депутаттар қатысушылардың сауалдарына жауап берді. Оқу орны ұжымдарының мүшелері елімізде жүргізіліп жатқан реформаларға қашанда қолдау көрсететіндеріне сендірді.

Ырысалды ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар