2 миллион гектардан астам егістік алқапқа дәнді және бұршақ дақылдары себілді

Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметі бойынша облысымыздабүгінгі күнге дейін 2 миллион 178,4 мың гектар егістік алқапқа дәнді және бұршақ дақылдары себілді. Бұл – жоспарланған 5 миллион 96,6 мың гектар алқаптың 42,7 пайызын құрап отыр.

Мұнымен бірге, біржылдық және көпжылдық екпе шөптер себу де қарқынды жүргізілуде. Бұған қоса, 199,3 мың гектар алқапқа майлы дақылар себіліп,14 мың гектар алқапқа картоп, 2 мың гектар жерге көкөніс отырғызылды.

Бүгінге дейін көктемгі дала жұмыстарында өздеріне тиесілі егістік алқаптарының 58-50 пайызына жуығына дәндідақылдар тұқымын сіңірген Зеренді, Астрахан, Біржан сал және Ерейментау аудандарының диқандары алда келеді.Осының бәрін ескере келгенде, биылғы көктемгі егіс науқаны былтырғы жылмен салыстырғанда қарқынды жүрізілуде.

Абылайхан ӘШІМХАН.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар