Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні - АРҚА АЖАРЫ

1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

Құрметті ақмолалықтар!
Сіздерді мемлекеттік мереке – 1 желтоқсан, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгін алғашқы жалпыхалықтық сайлауда қазақстандықтардың Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты тұңғыш Президент етіп сайлаған тарихи сәтіне тура 23 жыл толып отыр. Халық бұл дұрыс таңдауды жасау арқылы Қазақстанның тек  осы екі онжылдықтағы ғана емес, сондай-ақ, алдағы уақыттағы да сенімді дамуы мен қалыптасуының  берік іргетасын қалады. Біз тұңғыш Президентімізбен бірге қиын кезеңдер мен талай-талай сынақтардан абыроймен өттік. Парасатты Көшбасшымыздың жетекшілігімен ел тұрғындары тәуелсіздік жылдары  ертеңгі күнге деген сенімділікке ие болды.

Бүгінде Қазақстанды гүлдену жолындағы бейбітсүйгіш мемлекет ретінде әлем таниды.
Мемлекет басшысының барлық қызметі көпұлтты еліміздің тәуелсіздігін нығайтып, экономика саласында нарықтық қатынастарды реттеп, әлеуметтік тұрғыдан әділеттілік пен қоғамдағы саяси либералдылықты қамтамасыз етіп,   халықаралық саяси серіктестермен терең, әрі бекем қарым-қатынас орнатуға бағытталған. Бұл тұңғыш Президенттің Көшбасшылығын көрсететін айқын мысалдар.
Мұның бәрі бізге болашаққа нық сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»  Жолдауында айтылған ауқымды міндеттер де облыс тұрғындарының жағдайын жақсартуға оң ықпал ететін болады. Барлық ақмолалықтарды осы атаулы мереке – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын. Барлығыңызға мол жақсылық, ерен табыс пен баянды бақыт тілеймін!
Сергей Кулагин,
Ақмола облысының әкімі.

Құрметті жерлестер!
Ақмола облыстық мәслихаты депутаттарының атынан Сіздерді тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында Қазақстан бүгінде ұлтаралық татулық салтанат құрған мемлекетке айналды.  Тиімді нарықтық экономика құрылып, қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі күн санап артып келеді. Біз ел өмірінде әр салада орын алып жатқан оң өзгерістердің куәгеріміз. Осы орайда, мен Ұлт көшбасшысының тікелей өз бастамасымен жүзеге асырылып жатқан Үдемелі индустриялық-инновациялық  дамудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын ерекше атап өткен болар едім. Аталған жоба бізге ірі өндіріс орындарын қолданысқа беріп,  жолдарды, мектептер мен ауруханаларды күрделі жөндеуден өткізіп, қалалар мен ауылдарды абаттандыруға мүмкіндік беріп отыр. Ең бастысы, мыңдаған адамды жұмыспен қамтуға жол ашылуда.
Мен алдағы уақытта да жоспарланған жобаларымыздың сәтті іске асып, бойымыздағы жігердің Елбасының қоғамымыздағы өмірлік маңызды мәселелерді шешуге бағытталған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа экономикалық саясатын жүзеге асыруға жұмылдыратындығына сенімдімін. Осы міндеттерді орындау жолында өздеріңізге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт пен береке тілеймін. Бірлігі жарасқан ортақ  Отанымыздың гүлденуі үшін жасаған еселі еңбектеріңіз жана берсін.
Нина ДЬЯЧЕК,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

Қымбатты ақмолалықтар!
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні – тәуелсіз Қазақстан тарихындағы айрықша мемлекеттік мереке, шынында ол – жалпыұлттық бірлік күні.
Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың елімізді нық тұрғызып, әлемге танытудағы еңбегі ұшан-теңіз. Еліміз өз тәуелсіздігін жариялап, егемендік алғаннан бері жиырма жылдан асты. Осы уақыт аралығында Қазақстанды барша әлем таныды. Егемендігіміздің арқасында тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды.  Қазір Қазақстан Республикасы – қоғамның және экономиканың жедел даму жолына түскен, бейбітшілік пен келісім орнаған,  тыныштық пен сенім өркен жайған, көпұлтты үлкен мемлекет.
Қадірменді жерлестер, егеменді Қазақстанның тұрақты
дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!
 «Нұр Отан» партиясы
Ақмола облыстық филиалының Саяси кеңесі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар