Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысы бойынша референдумды қолдау жөніндегі қоғамдық штаб жұмысын жалғастыруда. - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысы бойынша референдумды қолдау жөніндегі қоғамдық штаб жұмысын жалғастыруда.

Бұл жолы «AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалының атқарушы хатшысы Айна Мысырәлімова 250-ден астам қызметкері бар Қ.Құрманбаев атындағы облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері қызметкерлерімен кездесті. Референдумның маңыздылығын түсіндіріп, оның халыққа не беретінін айтты.

«Референдумның мақсаты саяси, құқықтық жүйемізді жетілдіру, конституциялық реформа жасау. Конституциялық реформа ел дамуының жаңа кезеңі басталғанын көрсетеді. Конституциядағы 98 баптың 33-і өзгертілмек. Бұл Жаңа Қазақстан құрудың алғышарты. Президентіміз ұсынған оң өзгерістер мен реформалардың іске асуына, Жаңа Қазқстанның қалыптасуына үлес қосу – әрқайсымыздың негізгі азаматтық борышымыз»,-деді өз сөзінде Айна Ермекқызы.

Алдағы референдумнан ақ халаттылардың үміті көп. Олар Президенттің рефораларын қолдайды және халықтың әл-ауқаты біртіндеп жақсаратынына сенімдері мол екендерін жеткізді. Ата Заңға нақты қандай өзгерістер енгізілетін мұқият тыңдаған олардың өзіндік сұрақтары да болды. Бұл әрине, диспансерде қызмет ететін мамандардың еңбекақысын көтеру және зейнет жасын төмендетуге қатысты болды. Бұл мәселелер бойынша Айна Ермекқызы қысқаша түсіндіру жұмысын жүргізіп, республикалық деңгейдегі тақырып болғандықтан, әлі де қызу талқыланып, жан-жақты сарапталып жатқанын айтып кетті.

Айта кетейік, бүгінде облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінде 100-ден аса науқас емделіп жатыр. Олар да елдегі саяси маңызы зор тарихи референдумға қатысуы үшін диспансерде сайлау учаскесі ашылатын болады. Ал, қазірде науқастар арасында референдум бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын мұндағы «Парасат» бастауыш партия ұйымының жетекшісі Александр Григориев жүргізуде.
Ақмола облысы бойынша референдумды қолдау жөніндегі қоғамдық штаб осы күнге дейін халықтың түрлі санаты қамтылған 2000-нан астам кездесу өткізген. Нәтижесінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен 70 мыңнан астам халық қамтылып отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар