Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
  Театр – рухани даму ордасы - АРҚА АЖАРЫ

  Театр – рухани даму ордасы

Театр – көңіл көтеретін ойын үйі ғана емес, ол өз алдына мәдениеттің мектебі.

Смағұл Сәдуақасов.

«Театр – сымбатты өнердің ішіндегі ең зор өнердің бірі», – деп жазушы, драматург  Мұхтар Әуезов айтқанындай, театр адамның рухани тазарып, шабынаттанатын орны.  Адамды қуантатын да, қайғырта да білетін киелі орын. Қысқаша айтқанда, өмір айнасы. Өмірдегі талас-тартыс, күйбелең тіршіліктің  бейнесі. Ол – көрінгеннің ермегі емес, қажырлы еңбек пен көрерменнің қошеметін талап ететін орын. Театр – өнер мешіті деп айтып жатады. Мүмкін… Өнер атаулысының ең киелісі, ең құдіреттісі.

Қазіргі таңда елімізде театр өнері қалай дамуда? Елімізде елуден аса театр бар. Тәуелсіздігімізді алып, егемен ел атанғалы Қазақстанда 20-ға жуық жаңа театр ашылды.Бұдан шығатын түйін, Отандық театр өнерінің жыл санап, даму үстінде екендігі. «Театр маусымының» ашылғанын асыға күтетін көрермендер саны аз емес. Осыдан-ақ театр өнерінің қаншалықты қызғылықты, қаншалықты қоғам арасында беделді екенін аңғаруға болады. Әр  адам өзін басқа қырынан танып,  көзқарасының түбегейлі өзгеруіне тікелей әсер ететін мәдени ошақтың бірі – осы театр. Тұтас бір қойылымның ғана емес, сондағы бір кейіпкердің рөлінен-ақ біраз ой түйіп, жаңа көзқараспен театр есігінен шығуға мүмкіндікашатын жер.  Немесе,  сахнадағы қойылымнан өз өмірін көріп, өзгеруіне, ынталанушы қаншама тұлғаны кездестіруге болады.

«Театр – адамның өзін-өзі сахнадан көріп, өзін-өзі түсінетін орын», – деп Шәкен  Айманов бекерайтпаған.  Қорыта айтқанда,  театр адамды имандылық пен сабырлылыққа, адамгершілік пен рухани дамуға бастаушы алтын көпір. Мәдениет майданында аянбай тер төгіп жүрген өнер иелерінің еңбегі орасан зор.  Киелі сахнаның төрінде тұрып,  халық алдында өнер көрсету кім-кімге болсын жеңіл  болмасы анық. Сол себепті, кино саңлақтарымен қоса, театр әртістері сияқты, драматург,  режиссерлердің де еңбегі орасан. 1,5-2сағаттық қойылым рухани дем алып, бір сәт ойлану  үшін таптырмас бағалы уақыт.

Театрдың әлеуметтік орны мен рөлі тек жеке тұлғаның қалыптасып дамуын ғана емес, мемлекеттің мәдени дамып, тұтастығының сақталуын қамтамасыз ете алушы күш.  Қоғамның тұтас рухани байып, өркендеуіне тікелей әсер етуші құбылыс. Адамға өнер арқылы серпіліс тудырып, нық қадаммен алға басуына әсер етуші орта. Кез-келген елді өзгеден даралап, ерекшелеп тұратын да мәдениет. Ал, мәдениет қоғам мен бұқара арқылы туындайды. Қоғамның әрбір мүшесі саналы да, рухани бай болса ғана, іргесі мықты мемлекеттің тарихта ойып тұрып орын алар мәдениеті мен әдебиеті, өнері болары хақ.

Осы тұста, мәдени орда, яғни, театрдың алар орны ерекше. «Адам бүгін театрға  ертең адам болып қалу үшін барады», – деген  Робер Лепаж.  Театр арқылы өзіңізді танып, түсінуге, ойыңыздың түбегейлі өзгеруіне мүмкінік зор. Театр  – өнерді сүйетіндерге ғана емес, жарық дүниені, өмірді сүйетіндерге арналған. Өзіңізді рухани дамытқыңыз келсе, театрға кем дегенде айына бір рет барып тұрыңыз.

Жұлдыз Ағыбайқызы,

                                    Л.Н Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің

2курс студенті

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар