Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетаулық көрермендер ерекше зейінділігімен ерекшеленді - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетаулық көрермендер ерекше зейінділігімен ерекшеленді

Бұндай ойды театр сыншысы Сәния Қабдиева Ақмола облыстық орыс драма театрының 45-інші маусымын қорытындылау брифингінде айтты.  Биылғы жылдың күзінде аталмыш театр 45 жылдық мерейтойын атап өткелі жатыр. Жарты ғасырға жуық мерзімде театрдың жеткен жетістіктері де аз емес.  Халықаралық сахнада да отандық театр қойылымдары жоғары бағаға ие. 

Осы жылдың күзіне дейін көптеген маңызды жобалар жоспарлануда. Солардың бірі – халықаралық «Театр Көкше» фестивалінің республикалық лабораториясы. Оған тек Қазақстан ғана емес, жақын шет елдер де қатысуды жоспарлап отыр. Атап айтқанда: Армения, Ресей, Грузия, Қырғызстан елдері.

Фестиваль апталығы 27 маусым күні алғашқы қойылымын көрермен назарына ұсынды. Шілденің 1-іне дейін жалғасқан фестиваль «Жібек қылқалам» қуыршақ ертегісі, «Полковник-құс» қайғылы абсурт, «Асемон» астарлы әңгіме, «Шағала. Иллюзия және жалғандық», «Лютый» батыс драмасы сынды мәдени мұралармен театр сүйер қауымның ықыласына бөлене алды.

«Бүгінгі таңда көрерменнің сұранысы қандай жанрдағы қойылымдарды қамтып отыр?» деген тілшіміздің сауалына спикерлер толымды жауап қайтара отырып, көкшетаулық көрермендер салмақты да салиқалы қойылымдарды құп көретінін айтты.

Гастрольдік сапармен еліміздің біраз өңірлеріне сапар шектік. Сонда байқағаным, қазіргі заман адамдары жеңіл дүниеге әуес. Комедиялық қойылымдарға тек бой жазып, сергіп қайту үшін келеді. «Чичиков», «Шағала. Иллюзия және жалғандық» сынды көптеген мағынасы ауыр қойылымдарға көрермендер қорқынышпен қарайды. Осы орайда, Ақмола тұрғындары керісінше өздерінің зейінділіктерін көрсете білді. Яғни, үлгі-өнеге тұнып тұрған классикалық шығармаларға Көкшетау жұртынан сұраныс мол болды», – дейді театртанушы Сания Қабдиева.

Мәдениет майданындағы сүбелі істердің бірі – театр. Бүтін ел шаруасын, қоғам құрылысын қайта жасауға бет бұрған үстіміздегі дәуірде өнердің, өнер ішінде әдебиеттің, театрдың орны өзгеше. Сол себепті бұл саланы дамытуға арналған осындай бастамалардың саны көбейсе дейміз.

Камила ӘБДІЛМАНОВА.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар