Облыс әкімі Сергей Кулагин облыстық ішкі істер департаментінде Ұлы Жеңістің 71 жылдығына және Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты шараға қатысып, марапаттар тапсырды.
Салтанатты шара барысында облыс әкімі облыстық ішкі істер департаментінің ардагерлері мен жеке құрамын Жеңістің 71 жылдығы және Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, мерекенің маңызына тоқталды.
Салтанатты шара барысында Елбасы Жарлығымен облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Жайлаубек Халықұлы қоғамдық тәртіп пен заңдылықты сақтауға зор үлес қосқаны үшін 1-ші дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталса, Степногорск қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов, Бурабай аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Өмірбай Бейсенов, Ақкөл аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Асқар Тасыбай, Шортанды аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Өмір Қуандық, Астрахан аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Амангелді Ақмағамбетов және Атбасар аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Шамсиддин Төбековтерге облыс әкімінің Алғыс хаттары тапсырылды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.