Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облыстық прокуратурасы бірінші жартыжылдықты қорытындылады - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облыстық прокуратурасы бірінші жартыжылдықты қорытындылады

 Ақмола облысының прокуроры Айдос Майлыбаевтың төрағалығымен бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша облыс прокуратурасының алқа отырысы өтті.

Алқа отырысында облыс прокуроры қылмыстық процестің үш буынды моделін іске асыру, қылмыстық қудалау орбитасына тартылған азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуын азайту бойынша оң динамиканы атап өтті.

Әлеуметтік-экономикалық саладағы жетістіктер де назардан тыс қалған жоқ.

Прокурорлар есепті кезеңде 277 мың азаматтың құқығын, оның ішінде 83 мың конституциялық құқықтарын қорғады, мемлекетке 750 миллион теңге сомасында шығын өндірілді.

7,5 мың кәсіпкердің құқығы қорғалып, 19 бизнес субъектісін негізсіз қылмыстық қудалау шеңберіне тартуға жол бермедік.

Сонымен қатар, облыс прокуроры Ақмола облысының прокуратура органдары алдында Мемлекет басшысы мен Бас прокурордың тапсырмаларын орындау бойынша маңызды міндеттер қойды.

Атап айтқанда, азаматтардың конституциялық құқықтарын және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, активтерді қайтару, көлеңкелі экономикаға қарсы күрес, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстарға қарсы іс-қимыл және басқа да жұмыстарды жандандыру тапсырылды.

 Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар