«Жол картасы» – игілікті істер қайтарымы

Осы аптаның сәрсенбісінде Ақмола облыстық «Аманат» партиясының атқарушы хатшысы Айна Ермекқызы Мұсыралимова арнайы жұмыс сапарымен Целиноград ауданының орталығы Ақмолда болып, жастармен, бастауыш партия ұйымының хатшыларымен, сондай-ақ Целиноград ауданының әкімі, «Аманат» партиясы филиалының төрағасы Бақытбек Амантайұлы Оспанбековпен кездесулер өткізді.

Өңірлік партия жетекшісі биылғы жылдың қаңтар айында ашылған спорт кешенін көріп, түрлі секциялардың бапкерлерімен сұхбаттасты.

Бұл спорт ғимаратының жалпы аумағы 2951,0 шаршы метр. Мұнда бірнеше жаттығу залдары, су бассейні, бокс, күрес, баскетбол, садақ атудан арнайы жаттығулар өткізіледі.

Қазірдің өзінде күніне 200-ге жуық кісі көңіліне ұнаған спорт түрлерімен айналысады. «Жол картасы» бағдарламасы бойынша ауданымызда салынған осы спорт ошағына жұрттың қызығушылығы зор. Жастардан ересектер де қалыспай жатыр.

Айна Ермекқызы жұмыс барысында ауыл жастарының жағдайымен танысып, партиялық жоба «Кедергісіз келешек», «Ардагерлерді ардақтайық!» бағдарламалары туралы да ой бөлісті.

Бұдан кейін ол бастауыш партия ұйымы хатшыларымен алқалы жиын өткізді.

Ж. СӘЛКЕНҰЛЫ.

Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар