Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Меже – он сегіз жұмыс күні - АРҚА АЖАРЫ

Меже – он сегіз жұмыс күні

 

Ақмола медиа орталығында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мұрат Балпанның қатысуымен баспасөз мәлихаты өтіп, онда өңірде көктемгі егіс жұмыстарын ойдағыдай өткізу бағытында қолға алынған шаралар сөз болды.

 

Басқарма басшысы өз сөзін  Елбасының «100 нақты қадам»  Ұлт жоспарында алға қойылған міндеттерден бас-тады. 5 институционалды реформаның бірінде ауыл шаруашылығын дамыту жайы ерекше аталып өткен болатын. Осы орайда, ел экономикасында елеулі орын алатын ауыл шаруашылығы саласын өркендету мемлекеттік маңызы бар мәселе ретінде қаралуы орынды. Сондай-ақ, мұның өзі ауыл шаруашылығында еңбек етіп жүрген шаруаларға үлкен жауапкершілік жүктейді.
Басқарма басшысының айтуынша, аграрлық аймақ саналатын Ақмола облысында ауыл шаруашылығы саласы жыл өткен сайын қарқынды дамып келеді. Әсіресе, егіншілікпен бірге мал шаруашылығы қатар өркендеуде. Оның ішінде осы күні барлық күш көктемгі егіс жұмыстарына бағытталып отыр.
– Қазіргі кезде облыста көктемгі дала жұмыстары қызу қолға алынған. Ылғал жабу шаралары толық аяқталды. Барлығы 2 миллион гектар алқаптың ылғалы жабылды. Сонымен қатар, 777,1 мың гектар алқапқа дән себу алдындағы өңдеу жұмыстары жүргізілді.
Биыл негізгі азық-түліктік дақыл – жаздық бидай 3,7 миллион гектар жерге себіледі. Бұл өткен жылғы деңгейден 94,5 мың гектарға артық. Майлы дақылдар алқабы 206,7 мың гектарды құрайды. Бұл биылғы жылы майлы дақылдар өсіру технологиясын сақтауға және өңірде майлы дақылдар тұқымы өндірісі көлемін арттыруға мүмкіндік береді, – деді Мұрат Балпан өз сөзінде.
Сонымен қатар, басқарма басшысы ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығы мен шаруашылықтардың қажетті жанар-жағармаймен қамтамасыз етілуін ескере келе, науқанды 18 күннің ішінде аяқтайтындары жөнінде айтып өтті.
– Биылғы көктемгі дала жұмыстарына барлығы 15 мың трактор, 17 мың бірлік дәнсепкіш техника және 1076 өнімділігі жоғары егіс кешендері тартылмақ. Сондықтан, тәуліктік жұмыс өнімділігі 231 мың гектардан кем болмауы тиіс, бұл өткен жылғымен салыстырғанда 15 мың гектарға артық. Оның ішінде егіс кешендерімен барлық егістік алқаптардың 65 пайызына дән себу көзделген. Бұл әлі де машина-трактор паркін жаңарту қажет екенін көрсетеді. Дән сіңіру жұмыстарын ойдағыдай өткізу үшін жанар-жағармайдың қоры маңызды. Қазіргі кезде облыстағы шаруашылықтар 59,4 пайыз дизель отыны, 100 пайызы жағармай  және  дизель майымен қамтамасыз етілген.
Облысқа бөлінген 68 мың тонна кепілдендірілген дизель отынының кес-теге сай наурыз және сәуір айларындағы  34,8 мың тоннасына қазіргі кезде операторлармен ақысы толық төленіп, анықталды. Жоспарға сәйкес, дән сіңіру жұмыстарын қарқынды жүргізуге ұмтылатынымыз сөзсіз, – деді Мұрат Балпан.
Осы орайда, басқарма басшысының сөзіне қарағанда, биылғы жылы облыс диқандары дән себу жұмыстарын А.И.Бараев атындағы астық шаруа-шылығы ғылыми-өндірістік орталығы ғалымдарының нұсқауы бойынша жүргізуді көздеуде. Өйткені, былтырғы жылы осы орталық ғалымдарының нұсқауы бойынша дән сіңірген Целиноград ауданындағы «Родина агрофирмасы», Сандықтау ауданындағы «Свободное» және Астрахан ауданындағы «Фермер 2002» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, Аршалы ауданындағы «Ижевск» өндірістік кооперативінің егіндері ауа райының қолайсыздығына қарамастан жайқалып, бітік шыққан болатын.
Баспасөз мәслихаты барысында журналистердің қойған сауалдарына орай, көктемгі егіс жұмыстарына қатысты өзге де мәселелер сөз болды.

 

Аслан ОСПАНОВ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар