Іске сәт, диқан қауымы!

Енді бірер күннен кейін сайын дала төсі қуатты техника дүбіріне толып, көктемгі егіс жұмыстары бас-талады. Ақмолалық диқандар биыл да осынау жауапты науқанның бар жауапкершілігін жете түсіне отырып, оған жан-жақты дайындық жасауға ұмтылды. Осы құлшыныс нәтижесінде өңірімізде тұқым себу барлық агротехникалық талаптарға сай жүргізіліп, болашақ өнімге берік негіз қаланады деген үміттеміз.
Бұл орайда, алда тұрған міндеттер күні кеше ғана облыс  агроөнеркәсіп кешені қыз-меткерлерінің агрокеңесінде де жан-жақты пысықталған болатын.  Ендігі мақсат – сөз бен істің бір жерден шығуына қол жеткізіп, молшылық жорығын өнімді еңбек, ақадал маңдай термен мәнді ету.
Биыл облыс бойынша  4,6 миллион гектар алқапқа ырыздық дәні сіңірілмекші. Соның ішінде дәнді және бұршақты дақылдар 4,2 миллион гектар жерге орналастырылатын болады. Осы ауқымды міндет  үдесінен көрінуімізге мүмкіншілік, яғни, қолда бар техника күші мен жұмыс қолы әбден жеткілікті. Сондықтан, диқандарымыз көктемгі егісті қысқа мерзімде сапалы аяқтап шығып, ежелден бұл істе  өзіндік даңқы бар Ақмола, Көкше өңірлері биыл да жылдағыдай бүкіл елімізді мол астығымен қуантуға жазсын дейміз!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар